Этнос жастары диктант жазды

image.png

Облыстық «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық  жобасы  аясында  Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан №97 Сұраншы Батыр атындағы  жалпы білім беру мектебінде және Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінде "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай  мемлекеттік  тілде  жалпықазақстандық  ашық диктант жазу шарасы өтті.

Диктант  қазақтың біртуар перзенті Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған "Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға" тақырыбында жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері этнос жастары арасында жазылды.

Шараның  мақсаты: Ашық диктант бүкіл ел бойынша мыңдаған алаңда өтті, оның негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің беделін арттыру және оны қолдану аясын кеңейту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер