Ата Заң - біздің абыройымыз!

image.png

 «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам  аудандық филиалы басшысы   Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. 

"Конституция еліміздің алтын қазығы, басты құндылығы саналады. Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 29 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында  мемлекетіміз биік шыңдарды бағындырып, толайым табыстарға қол жеткізді. Соның бірі ретінде Есіл бойында Астанамыздың бой көтеріп, Тұран төсінде Түркістанның жаңарып, жандана түскенін айтуға болады. 

Ең бастысы, конституция бізді өзгелерге демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде танытты. Оның алдағы уақытта жарқын істердің қайнар бастауына айналарына сенім мол. 

Айтар болсақ, Сайрам ауданы облысымызда этнос өкілдері тығыз орналасқан аудандар қатарында. Ұлт татулығы жолында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы тарапынан бірқатар жұмыстар жоспарға сай атқарылып келеді, әрбір тұрғынның өз құқығын ұғындыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар және Аналар кеңесінің  рөлі орасан зор.

 Сайрам ауданы экономикалық тұрғыдан игі бастамалармен көш бастап тұрған аудан. Мұнда халық ауылшаруашылығымен және егіншаруашылығы айналысады. Сүт өнімдері мен бау-бақша өнімдері жыл он екі ай еліміздің барлық аймағы мен шетелдерге экспортталатын өңір. Міне, осындай жетістіктерге жол бастаған, барша халық болып қабылдаған Ата Заңымызды құрметтеу әрбірімізге парыз, міндет.

Конституцияда «еліміздің басты байлығы адам құқығы мен оның бостандығы» деп көрсетілген. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, соның нәтижесінде біздің конституциялық құқықтарымыз анықталып, бостандықтарымыз бен міндеттеріміз белгіленді. Ел тұрғындарының құқығының сақталуын қамтамасыз ететін, олардың өсіп-өркендеуін көздейтін конституциямыздың арқасында еліміздің іргетасы нығайып келеді. Мемлекетіміздің басты құжаты әлемнің дамыған елдерінің заңдарынан бір мысқал да кем емес. Оған еліміздің тәуелсіздік жылнамасындағы 30 жылдан астам уақытта түрлі белестерден абыроймен өткенінің өзі айғақ бола алады.

Өткен жылдары елімізде референдум өтіп, Ата Заңымызға бірқатар маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы орайда елімізде заң шығару және құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың Жаңа Қазақстанды жаңаша өркендету жолындағы қажырлы еңбегін атап өткен жөн. 

Мемлекетіміз шыққан шың мен бағындырған белестің бәрі де Ата Заңымыздың арқасында қол жеткізген дүниелер. Ендігі жерде осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай жалғастырып, тәуелсіз еліміздің мәртебесін бірлікте асқақтата берейік! Заңымыз әрқашан да абырой биігінде болсын!" 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер