Бүгін Сауран ауданына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин іссапармен барды.
Сапар аясында жергілікті этномәдени бірлестіктермен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, мешіт имамдарымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өтті.
Жиынға Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев қатысты.
Кездесулерде өңірдегі этносаралық қатынастарға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтар қоюға және толық жауаптар алуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы қоғамдық құрылымдар мен діни көшбасшылардың рөлі, отбасылардағы, оқушы және жұмысшы жастармен тәрбие және профилактикалық жұмыстың маңыздылығы және т.б. талқыланды.
Еліміз – көп этносты, көп тілді мемлекет. Талайдың тағдырын бір арнаға тоғыстырған осынау қасиетті жерде жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір мақсат-мүдде аясында тірлік етіп келеді. Қазақтың кең пейілі, тарихи төзімі мен қалыптастырылған ұлтаралық татулықтың негізінде Тәуелсіз Қазақстанда саяси тұрақтылық берік орнықты. Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтау — қиынның қиыны. Еліміздің геосаяси орналасу ерекшелігі, жүзден астам этнос өкілдерінің Қазақстан атты алып шаңырақтың астында тоқайласуы, түрлі діндер мен өркениеттердің арақатынасы мәселелері көптеген міндеттерді жүктеді. Осы кезеңдерге Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымы құрылды.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастардың басты тетігі ретінде күллі әлемге үлгі болып отыр. Шын мәнінде, Ассамблея біле білгенге ең алдымен қазаққа қажет ұйым деп білемін. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп келген қазақ атамыз. Ал ассамблеяның ұраны – «Бірлік», «Ынтымақ». Елдің тыныштығы ең алдымен өзімізге қажет. Кезінде тағдыр талайымен көптеген этностар елімізге қоныс аударды. Олар да еліміздің азаматы, барлығы тең правалы. Сондықтан бір-бірімізді қолдап жүруіміз керек. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Қазіргі кезде бұл бағыттарда Ассамблеяның жұмы органы ретінде «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс жасайды, сонымен қатар, ҚХА жанынан аналар кеңесі мен ақсақалдар кеңестері құрылған. Ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен блогерлер клубы, «Жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі, медиация кабинеті, т.б. еңбек етеді. Медиаторлар әртүрлі тараптар арасында туындаған дауларды ортақ келісімге әкелу арқылы шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді. Ендеше, қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этнос өкілдері бір атаның балаларындай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» бірігіп, көрнекті істің көмілмейтінін, біріге істегеннің берік болатынын көкейге түйе отырып, ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы – еңбекке жұмылуға тиіс. Сонда ғана біз қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтай аламыз. Тату елге тыныштық нәсіп деген де осы.
Ұлттық бірлік «бір жеңнен бас, бір жеңнен қол» шығарып, етене жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Олай болса ел тыныштығын, ел бірлігін сақтауда мемлекеттік басқару жүйесі, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар да бір мемлекеттің азаматтары ретінде бірігіп шешім қабылдап, еңбектену абзал.
Қазақстан «Бір ел – бір бағдар» деген ұстанымды алға тартып ел бірлігін даму стратегиясының басты шарты деп біледі. Осы қағиданы іске асыру жолының бір тетігі – саяси сайлау дербес ұлттық рухы, мәдениеті, тарихы, санасы дамып жетілген өркениетті ұлт есебінде жалпы адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа мемлекеттермен терезесі тең мемлекет ретінде иық тірестіре алатындығымызды тағы бір мәрте көрсететін саяси қатысудың демократиялық үлгісі.
Кез келген саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік үрдістерге уақыт өзінің өзгертулері мен түзетулерін әрдайым енгізіп отыратындығы сөзсіз. Бұл саяси қатысуға, яғни сайлауға деген қызығушылыққа да қатысты. Себебі, сайлау қоғамдағы өзгерістердің өлшеушісі, «индикаторы» екіндігі сөзсіз.
Сайлауға қатысу арқылы азаматтар заңды жолдар арқылы елдегі өзгерістердің, яғни өзінің болашағының қандай бағытта дамыйтындығын анықтай алады. Сәйкесінше әр елде заңнамалық ерекшеліктеріне сәйкес саяси қатысудың ерешелері мен заңдық шеңберлері айқын анықталған.
Бүгінгі таңда азаматтардың заң шеңберінде өз пікірлерін жеткізе алуы демократияның басты өзегі болып табылады. Сол себепті де, демократияға бет бұрған мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі азаматтардың саяси өмірге қатысу тетіктерінің заңды жолдарын құрып, оны қамтамасыз ету болып отыр. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында биліктің бірден-бір көзі – халық және мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі жолы ретінде ерікті сайлау анықталған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Елбасы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 сессиясында (2008) мемлекеттік саясаттың негізі деген бес қағидатын жария етті, олар: этностық, діни, мәдени, тілдік әралуандылық – біздің баға жетпес байлығымыз, Қазақстан этностарырның мәдениеті мен тілін дамыту үшін мемлекет мақсатты түрде барлық жағдайды жасайды, ұлтымыздың маңызды құндалақтары – толеранттық пен жауапкершілік, Қазақстан халқының бірлігі. Әралуандылықтың басын қосатын, ұйытқысы болатып – қазақ халқы деп білеміз.
Осы тұрғыдан Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының адам мен азаматтың нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, наным-сеніміне қарамастан құқықтары мен бастандықтарын шектеуге тиым салады. Сонымен қатар этнос және діни негіздемелер саяси ұран немесе саяси мақсатта қолдануға жол берілмейді. ҚР Конституциясының 39 бабының 2-тармағы бойынша «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады». Қазақстандық ел бірлігі моделі ерекшеліктерінің бірі – этностық топтар азаматтық-құқықтық және қоғамдық тұрғыдан бірдей, «ұлттық азшылық» дейтін ұғым іс жұзінде қолданылмайды.
Санының аз-көтпігіне қарамастан Қазақстан халқының құрамындағы этностар тең құқықпен және мемлекеттік қорғауымен қамтамасыз етілген. Этносаралық және конфессияаралық келісім мен бірлік ету жолындағы Қазақстанның қарекеті еліміздің гуманитарлық өлшемдегі ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде әлемдік деңгейде мойындалып отыр.
Ғалым Шойкин этносаралық келісім мен ел бірлігін одан әрі нығайту үшін мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері арасындағы ашық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.