Ассамблея жастары рефендумды қолдайды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабта «Ассамблея жастары» ұйымының белсенді мүшелерімен және этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты жетекшілерімен кездесу өтті. Жиын барысында АЭС құрылысы мен 6 қазан күні өтетін республикалық референдумның маңыздылығы талқыланды. 

Zoom платформасы арқылы өткен онлайн жиынға «Ассамблея жастары» РҚБ-ның Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшесі Надыржан Хасантаев бастаған Ассамблея жастары қатысты.

Қазақстан әлемдегі ең ірі уран қорына ие бола отырып, өзінің энергетикалық балансын әртараптандыру мақсатында атом электр станциясын (АЭС) салу мүмкіндігін белсенді түрде қарастырып жатыр. Соңғы жылдары ел өзінің электр энергиясының негізгі бөлігін қамтамасыз ететін, бірақ көмірқышқыл газының көп мөлшерде шығарылуына және экологиялық қатерлерге әкелетін көмір электр станцияларына тәуелділігін азайтуды көздеп отыр. "Қазақстан үлкен уран қорына ие және әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ел қазіргі кезде энергетикалық баланста үстемдік ететін көмір электр станцияларына тәуелділікті азайту үшін энергия көздерін әртараптандыруға ұмтылуда. АЭС-ті енгізу тұрақты және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ете алады",- дейді жастар.  АЭС құрылысы Қазақстанға көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің экономикасының түрлі салаларын дамытуға серпін береді деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аймақтық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде, елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін оның ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтады. Осылайша, Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасы тұрақты даму жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және дәстүрлі энергия көздеріне байланысты экологиялық тәуекелдерді азайтуда шешуші рөл атқара алады.

«Ассамблея жастары» РҚБ-ның Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшесі Надыржан Хасантаев жиында 6 қазанда өтетін референдумның маңызына тоқталды. "Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – "халық үніне құлақ асатын мемлекетке" тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз" деді ол.

Айта кетейік, 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда ресейлік технология бойынша атом электр станциясын салуды ұсынды. Содан бері елде АЭС салынуы мүмкін екені айтылып келеді. 2023 жылы осы мәселеге орай Алматы облысында Балқаш көлінің жағалауында орналасқан Үлкен ауылында қоғам талқысы өтті. Бұл АЭС құрылысы салынуы ықтимал негізгі орын саналады. 2024 жылы Қазақстанның барлық ірі қаласында қоғам талқысы өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер