«Өзбек этносының тілі, мәдениеті және дәстүрлері» іс-шарасы өтті

image.png

Бүгін Түркістан қаласындағы Этноауыл кешенінде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және дәстүрлері» мерекелік іс-шарасы өтті.  

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан Халқы Ассамблеясы  Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских, Амангелді Ғабділкәрімұлы, Ғалиасқар Төлендіұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы, Ақсақалдар, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері қатысты.

Көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Сенат депутаттары еліміздің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына кеңінен тоқталды.

Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына толық жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, мұндағы игі бастамалар жалпы түркі әлеміне үлгі, бірлігі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Мерекелік жиында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар арнайы марапатталды.

Берекелі бірлікке үндеген мерекелік іс-шара облысқа танымал мәдениет саласы өнерпаздарының гала концертіне ұласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер