Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

image.png

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына орай жиын өтті. Кездесуге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында Жолдау аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болды, сондай-ақ имамдардың қоғамның дамуына қосатын үлесі мен мемлекеттің зайырлылық ұстанымы жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам-Адал еңбек- Адал табыс» бағдарламалық баяндамасы талқыланып, 6 қазанда өтетін Референдумға қатысты баяндамалар жасалды. 

   Президент кеңесшісі сондай-ақ Түркістан облысының жастарымен кездесті. Жиынға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев модераторлық етті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында елімізде іске асырылатын жобалар жөнінде айтылды. Сонымен қатар, 6 қазан күні өткелі отырған республикалық референдумға жастарды белсенді қатысуға шақырды.

Жиында «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман мен Қазақстан студенттері Альянсының облыстық өкілдік төрағасы Дінмұхаммед Үмбетұлы Мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы ретіндегі бұл Жолдау облыс жастарына ерекше серпін бергендігін айтты. Кездесу соңында жастар өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер