Тарихты тану - өзіңді танумен тең

image.png

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте» облыстық акциясы Созақ ауданында жалғасын тауып, сайрамдықтар қонақ ретінде қатысты. 

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен өткізілген шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназаров, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бекболат Оспанов, ақын, ҚР білім беру ісінің үздігі Зияда Исатайқызы, Сайрам аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі, түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Зумрат Ахмедова, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Әлия Шалабаева, «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының маманы Сайфуддин Айтов және де кітапхана директорының м.у.а. Гүлжан Рахимова мен кітапханашылар қонақ болып келді. 

Бұл акцияның маңызы мен мақсаты, кез келген халықтың ұлттық рухы мен ұлттық санасын, рухани мәдени асыл мұрасын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен сан ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи болмыс-бітімін тарих беттерінде таңбаландырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жаңғыртып дамытып отыруға бағытталған. 

«Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте» акциясының бұл бөлімі  «Өлке талантымен кездесу» атауымен ұйымдастырылды. Аталмыш басқосу Қазақстанға белгілі қаламгер, «Түркістанның таңдаулы туындысы - 2024» акциясы аясында шығармалары таңдалған ақын, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» ақын, жазушы, аудармашы Халқаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлының  кездесу кешімен ұласқан 

болатын.

Бұдан бөлек, көптеген зиялы өкілдер де Теріскей төріне табан тіреді. ҚР журналистер одағының мүшесі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Әбдімәлік Ағыбай ағамыз және де Арыс қаласының Құрметті азаматы, медицина саласының үздігі Тұйғынбек Әлжігіт, Арыс қаласынан Жадыра Оразалиева іс-шарада белсенділік танытты. 

Созақтық танымал тұлға Нармахан Бегалыұлының ғұмыр тарихына қысқаша тоқталсақ, ол тек ақын ғана емес, ол елінің қамын ойлаған қайраткер. Қазақ әдебиетінде қабырғалы ақындардың қатарындағы Нармахан Бегалыұлының поэзиясының жөні бөлек. Ол нені айтса да, нені жазса да, нені суреттеп, нені өрнектесе де жалғандық, жасандылыққа, жылтырақ әуесқойлыққа жоламайды. Таныстыруды қажет етпейтін, әдебиет әлемінде ойып тұрып өз орнын қалыптастырған тұлғаларымыздың бірі және бірегейі.

  «Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте» акциясы аясында өткен іс-шара Нармахан Бегалыұылының ішкі сырын жарқын бейнесін аша түсті. Қонақтар шарадан кейін Құмкент ауылындағы «Баба Түкті Шашты Әзіз» кесенесіне барды. Онда шырақшы кесене тарихын баяндады. Зиярат жасап, Құран бағыштады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер