Бүгін Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған жиынға: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Даванова Сайера Мирзалиевна, Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Әлібек Байназар, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және этнос жастары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер: Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау.
Президент тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап өтті.» Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Іс - шара барысында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.