Студенттермен әңгімелесті

image.png

Сайрам  аудандық халықтық штаб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков және түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің ұжымы және жоғары курстың студенттерімен әңгімелесу барысында атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты. 

Аманкелді Қабылбеков өз сөзінде: АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бізде осыған қарай ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз. Сондықтан, баршаңызды алдағы референдумда АЭС салуға дауыс беруге шақырамын», – деді.

Жиында түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Рамазан Ламаев та өз ойын ортаға салды. «Қазіргі таңда елдегі барлық электр энергиясының басым бөлігін көмір электр стансалары береді. Осындай жағдайда бізге сенімді және қауіпсіз энергия көзі қажет. Атом энергетикасы осы мәселені оң шешуге мүмкіндік береді. Өйткені ол тұрақты, экологиялық таза және Қазақстанды ондаған жылдар бойы энергиямен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ өзіміздің атом электр стансамызды салу еліміздің көрші мемлекеттерден электр энергиясын импорттауды айтарлықтай қысқартуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанның толық энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін айрықша маңызға ие және өте өзект. Атом электр стансасын салу – еліміздің болашағы үшін маңызды шешім. Бұл ретте әр азаматтың даусы үлкен мәнге ие. Сондықтан бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Осы орайда қазақстандықтар АЭС салу бастамасын қолдап, еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміні»,- деді ол. 

Колледж ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысуға және АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер