«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

image.png

"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"- тақырыбында Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі,Серт ауылы, Серт клубында кітапханасы және "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті.Аталған іс-шараға Түркістан облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының  жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесі төрайымы Нышанкүл Абылайқызы, Сауран аудандық "Қоғамдық Келісім" КММ-нің маманы А.Абиханова, аналар, оқушылар қатысты. Муяссар Рустемова іс-шараны ашып, клуб қызметкерлері, оқушылар әнмен, күймен шашу шашты. Қарттар күні мерекесімен құттықтауды Нышанкүл Абылайқызы жалғастырып, құттықтауды Сауран аудандық "Қоғамдық Келісім" КММ-нің басшысы Раматуллаев Арсыланның атынан алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыстады. 

Сондай-ақ Сауран ауданы әкімдігінің Шорнақ ауылдық округінің әкімі Баймуратов Бердалы Аширбекович, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дауырхан Сеилбекұлы, әлеуметтік қызметкер Темирбаев Жалғасбек Мейрамбекұлы ауыл тұрғыны, жалғызбасты қария Бабажанов Айдархан ағамызды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.  Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Қазақта «Халық білмегенін көнеден сұрайды» деген, аталы сөз бар. Үлкеннің жолы, ағалық ақылы - асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау басты парызымыз. Өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда өңірлік семинар өтті
  • Бас консулмен кездесу өтті
  • Фарит Аюпов құрметке бөленді
  • Аналар кеңесі мен медиация кеңесінің жұмыс барысы пысықталды
  • Ассамблея жастары елдік пен бірлік жайында пайымды пікір алмасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер