Этномедиация жайындағы келелі кездесу өтті

image.png

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Марат Әзілханов Түркістан қаласына келген іс-сапары барысында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев пен осы басқарманың "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Эльмира Жанғазиеваның қатысуында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев және осы кеңестің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова

екеуін облыс көлеміндегі этномедиация жайындағы мәселелер бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында облыс көлемінде жалпы медиация, оның ішінде этномедиация бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Бақытжан Бейсембаев баяндап берсе, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова "Қоғамдық келісім" КММ жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ құрамында елді бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған істер жайлы айтты.

Марат Әзілханов  өз сөзінде Түркістан облысында жалпы медиация, оның ішінде этномедиация жұмысы жақсы деңгейде екендігін, оны Мемлекет басшысы Атыраудағы Құрылтайда оң бағалағанын атап көрсетіп,  алдағы кезеңде де медиация саласы облыс көлемінде одан әрі талап деңгейінде дами беретіндігіне сенімін білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер