Ақпараттық-насихаттық топ - Сауран ауданында

image.png

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Бұл кездесулер 2024 жылғы қыркүйек айының 2-27 күндері аралығын қамтиды. 

Кезекті кездесу Сауран ауданының Шорнақ және Шаға ауылдарында өтті.  Аталған кездесулер мен фокус-топтық зерттеу жұмыстарына ауыл тұрғындары, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов және Сауран ауданының  теолог маманы Ажибай Диана қатысты.

2022-2024 жылдарға арналған «Түркістан облысында толерантты сананы қалыптастыру мен әлеуметтік шиеленістің алдын алу» өңірлік тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарына сәйкес  аудан, қалалардағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендерінде  тұрғындармен кездесу өткізу мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары  жүргізілуде. 

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлтты сүю түсінігі. Ұлтшылдық және ұлтжандылық», «Діннің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді реттеуде алатын орны», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Бүгінгі күнде әлем дамуының негізгі үрдістері тікелей не жанама түрде жаһандық үрдістермен байланысты болуы уақыт талабы. Бұл тұрғыда жаһандық дамудың маңызды әрі іргелі артықшылықтарының бірі – әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттар арасында өзара түсіністіктің жақсаруы.

Конфессияаралық келісімнің басты мақсаты – Қазақстан еліндегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дәстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуы деп біледі.

Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адами құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық алмасулардың алаңына айналғандай.

Кез келген діннің адамзатқа ортақ болып табылатын құндылықтарын алға тарту арқылы қоғамда әр түрлі дін өкілдерінің мақсат, ниеттерін бір арнаға, игі істерге тоғыстыру – қоғам қажеттілігі екенін әлемдік қауымдастық ескеріп, бұл мәселеге басты назар аударуда. Расында, діннің біріктіруші күші, сонымен қатар адамгершілік құндылықтары мен дәстүрлерінің адамдар арасында келісім мен бейбітшілік орнатуға, адамзат бірлігін дамытуға, жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп беруге әлеуеті жеткілікті.

Жаһандық әлемдегі ахуал кез келген аймақтағы жергілікті жағдайды айқындауға ықпал ете алады. Сондықтан, әлемдік қауымдастық тұрақты дамуға қол жеткізу үшін конфессияаралық, мәдениетаралық келісімді сақтауға мүдделік танытуда. Біріншіден, конфессияаралық келісімді нығайту заманауи сын-тегеуріндер мен қақтығыстарды болдырмауға септігін тигізе алады. Екіншіден, аймақаралық шекара түсінігі уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтуда, әлемнің кез келген мемлекеті босқындар мен жер аударушыларға тиісті назар аударуға мәжбүр. Үшіншіден, қоғамда берік орнатылған конфессияаралық диалог пен өзаратүсіністік қазіргі уақытта әлеуметтік тұрақсыздыққа әкеліп соққан экстремизм мен терроризм, ксенофобия, рухани сауатсыздық пен үстемдік етуге талпынушы күштермен күресуге үлкен мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін конфессияаралық келісімді дамыту мәселесі жат жаңалық емес, бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылған мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар мен бастамалар әлем қауымдастығы алдында үлкен қызығушылыққа ие, дінаралық келісімнің қалыптасқан «қазақстандық моделі» деген сөз тіркесі де халықаралық деңгейде кең танымалдылыққа ие. Конфессияаралық және өркениетаралық келісімнің жасампаздық әлеуеті ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де бітімгершілікке бастай алатынын мемлекетіміз әлемге дәлелдей білді.

Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады. Бұл діннің тұрақтылығына, қоғам тұрақтылығына үлкен септігін тигізетін фактор.

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер