Түркістан қаласындағы "Түркістан Ахмет Ясауи колледжінде" студенттермен "Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ" тақырыбында кездесу өтті. Жиында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шоқан Надирбаев модераторлық етті. Басқосудың басты қонағы "Бітімгер" медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Бейсембаев болды.
Қоғамдық бірлестіктің басшысы осы іс-шараның тақырыбы негізінен адамдардың өзара достығы мен татулығына арналғандықтан,еліміздің басты ұстанымдары халық арасындағы ынтымақ пен бірлік,татулық пен достық, өзара сыйластық және қоғамдық келісім екендігі, кең байтақ жерімізде тұрып жатқан түрлі этностар да аталған ұстанымдарды биік қойып, бейбіт жағдайда тату- тәтті өмір сүріп жатқандығы және барлығымызға ортақ Отан - Қазақстан үшін аянбай еңбек етіп отырғандықтары жайлы айта келіп, жиынға қатысушы студенттерге өзі туралы өмірдеректерінен қашан және қай жерде білім алғанын,қай жерде және қандай қызметтерде жұмыс істегенін, қазіргі кездегі қоғамдық жұмыстары мен өмір ағысында кездескен және бүгінгі таңда жанында жүрген достары туралы мысалдар келтіре отырып, өз ойын жеткіздім.
Дос – адам баласы үшін қастерлі ұғымдардың бірі. Өмірдегі қайғыңды жеңілдетіп, қиыншылық пен қызығыңды бірге бөлісіп, жыласаң жылап, қуансаң шаттанатын дос – өмірдегі адал серік. Бұл өмірде тура жүруге, туралықта жүргеніңді білу жолында да ең қажетті себептердің бірі – жақсы жолдас табу.
Адал достықтың туын нық ұстаған адам алмағайып, басына қандай да бір іс түссе де өзінің бірқалыпты күйінен айнымайды. Адамгершілігі бар болса, досыңызбен араздасып қалған күннің өзінде ол сіздің сырыңызды әшкерелеуге бармайды. Керісінше, бұрынғы досы болсаңыз да, жүрген жерінде сізді мақтап жүреді.
Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.): «Әй, Әбу Хұрайра, көршіңмен араңыз жақсы болсын. Сонда ғана шын мұсылман боласың. Досыңа да адал бол. Сонда шын мүмин боласың», – дейді.
Бірде екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!». Сөйтіп, екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерге жеткенде ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген жігіт батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті, тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», деп жазады. Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы: «Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың?» деп сұрайды. Сонда досы: «Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!» деген екен.
Лұқман хәкім баласына былай деп өсиет айтқан: «Балақайым, иман нығметінен кейінгі ең ұлы амал – шыншыл дос табу. Шыншыл дос үлкен жеміс ағашы секілді, отырсаң саған көлеңке болады, жемісі сен үшін тағам болады, еш пайда бермегеннің өзінде саған ешқашан зиян тигізбейді». Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Сондықтан жақсы достың адам өмірінен алар орны ерекше. Ол – адамның айнасы. Адам баласы қоғамда дұрыс адам болып өмір сүруі үшін шынында да достарының орны ерекше.
Шынайы мұсылман қоғамын өзара бауырмашылдық, достық сезімінсіз суреттеу мүмкін емес. Мұндай сезімдегі достыққа құрылған мұсылман бауырлар ағаштың бұтақтары іспеттес, саны көбейген сайын қуаттала түседі. Бұтағы көп мықты ағашқа қатты жел әсер ете алмағанындай ауызбіршілігі, бауырмашылдығы мығым елге де ешқандай қара пиғылды күштер әсер ете алмайды. Әлбетте бұл ағаштың қажетті жеміс беруі имандылыққа тікелей байланысты.
Алаштың арысы Әлихан Бөкейханов өз сөзінде: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады» деген. Денені құраған ағзалар бірігіп жұмыс жасаған уақытта дене сау болатыны секілді, қоғамның мүшесі саналатын адамдар да, бауырмашылдықта болса, өркендеп гүлденеді.
Қорыта айтар болсақ, достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортак көзқараста болатын қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандарды мінездері әр түрлі болып келуі мумкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нагыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа улкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы». «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соңын басында». Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі.
Сонымен қатар студенттерге Президентіміз Қ-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауларының арқасында Әділетті Қазақстан мен Жаңа Қазақстан құру мақсатында елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан қоғамдық- саяси,экономикалық және әлеуметтік өзгерістер мен осы бағыттағы алдымыздағы жүзеге асырылуға тиісті мақсаттар мен міндеттер жайлы түсіндіріп, жастардың басты міндеті -жақсы оқып, таңдаған мамандығының иесі болып,ел экономикасының өркендеуіне адал қызмет ете отырып, "Адал- адам.Адал- еңбек.Адал- табыс" қағидасының жүзеге асуына өз үлестерін қосатындықтары және ҚР әрбір азаматының Ата Заңымызды құрметтеп әрі бұлжытпай орындауымен қатар мемлекеттік тілді,яғни қазақ тілін білуі тиіс екендігі туралы айтты.
Кездесу соңында студенттер тарапынан болған сұрақтарға жауаптар берілді.