Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Түлкібас аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көшпелі семинарды Машат ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы бастап «Өнерлі өркен, бола бер көркем» тақырыбында Машат әкімшілігі, Мыңбай ауылы, Ауылдық клубта өтті.
Көшпелі семинарда бірінші Қыз-Әулие ана-бұлағына барып дұға бағыштап, әулиенің шипалы суын ішіп, ауылдың тарихымен танысты. Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері «ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жалғасы ауылдық клубта көрмелерді көріп, концерттік бағдарламамен аяқтады.
Мақсаты:
Ауыл өміріндегі жастар тәрбиесіне үлкендердің ықпалы көрсетер жолы;
"Үлкенге құрмет, кішіге ізет" құндылығының өмірде шын мәніндегі мағынасының жойылмауы;
Ел мақтаныштары, ауыл даңқын асырып жүрген азаматтарымызға құрмет сезімін ояту, дамыту.
Аталған іс-шараға Машат ауылдық округінің әкімі, депутаты, әжелер кеңесі, аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, оқушылар, ауыл тұрғындары және Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалының ұжымы, Түлкібас аудандық аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, ауылдық округтердің төрайымдары қатысты.