Жетісай аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиынды Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Махамбет ашып жүргізіп отырды.
Отырысқа Жетісай аудандық Ақсақалдар, Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Махамбет, Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Р.Мауленова, референдум бойынша облыстық штаб мүшесі А.Бердашев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Ақсақалдар, Аналар, Ардагерлер және Әжелер кеңестерінің мүшелері және этнос өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. ҚР президенті 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау.
2.АЭС салу мәселесіне қатысты жалпы ұлттық референдум бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары.
3. Қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Жиын барысында жиынға қатысушыларға АЭС салу бойынша референдумның халыққа пайдасы жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Кеңес мүшелері орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалды.