«Салауатты сана» жобасы іске асырылуда

image.png

Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі 2024 жылғы ІІІ-тоқсандық отырысын №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.

Отырысты Кеңес төрайымы Кривенцова Маржан Қазыбайқызы ашып жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне сәйкес: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылдың 25 сәуір күні ҚХА ХХXIII-сессиясында айтылған жас өспірімдер арасындағы нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықпен қоғамның ортақ дерті  деген болатын. Осы әлеуметтік  кеселмен мен күресу, алдын-алу, болдырмау бойынша және ҚР қолданыстағы заңнамасының нормалары туралы қалалық ПБ-нің әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тобының инспекторы М.Құттыбаева, қалалық емхана қызметкерлері дерматолог Р.Утебаева, психолог Г.Зеренбаева, генеколог С.Жағыпар пайдалы ақпараттарымен бөлісіп хабардар етті.

Лудомания бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер екенін айта келе, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылданғанын, Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдау керегін, құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажеттігін айтты.

Биыл жазда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізілді.

Лудомания да жаhандық дертке айналып, жеке адамдар ғана емес, тұтас отбасылар жапа шегуде. Аталған дертпен нағыз күрестің тиімділігін төмендетіп отырған келесі жағдайлар бар. Бірінші, пациент пен оның туыс­тары мемлекеттік мекемеге жүгінуден тартынады. Себебі ресми базаға еніп, кейін жұмысына, оқуына, ­карьерасына кесірі тиеді деп ойлайды. Сөйтіп арнайы мекемелерге хал-жағдайы қиындаған кезде көмек сұрап барады. Тәуелділігі артқан науқасқа дәрігердің көмектесуі қиындау екені түсінікті»

Сонымен қатар, қалалық Аналар кеңесі «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында   «Салауатты сана» жобасын іске асыруды қолға алып, қоғамның аталған бес әлеуметтік кеселдерге қарсы тұру және жою, себеп-салдары мен келтіретін зиянын түсіндіріп, жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер