Бүгін Мақтаарал ауданына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде «Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ!» тақырыбында («ДосболLIKE» акциясы аясында) мотивациялық кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - бірлік пен келісімді нығайта отырып, тұрғындар, жастар, этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту.
Мақтаарал аграрлық колледжінің шақыртуымен кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Н.Ошантаев, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Сабиров қатысып, жастармен еркін форматта сұхбат құрды.
Жиын барысында аға буын өкілдері елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды.
Тәуелсіз мемлекет құрудың алғашқы жылдарында көп ұлтты Қазақстанның алдында ел азаматтарының еркі мен құқын қамтамасыз етудің демократиялық тетіктерін дамыту міндеті тұрды. Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделі әлемде танылған «қазақстандық даму жолының» бөлінбес бір құрамдасына айналды. 1995 жыл ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының негізі қаланды. Бұл қоғамдық институт елдің саяси жүйесінде түбегейлі реформалар жүріп жатқан кезде құрылды. Ал Қазақстан Халқы Ассамбелясы бастамасымен жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумда қабылданып, соның арқасында этносаралық қатынастар саласы демократиялық тұрпат алды. Сенім-нанымы мен қай этностық топқа жататынына азаматтардың аумақтық-саяси қауымдасуына қарамай, қоғамдық келісімнің негізгі қағидаттары сақтала отырып, барлық этностың теңдігі қамтамасыз етілді.
Мемлекетіміз ең алдымен ортақ тарихымыздың арқасында бірлікке қол жеткізді, тағдырдың тепкісін көрген көптеген адамдар киелі қазақ жеріне келгеннен кейін тек жергілікті тұрғындардың жылылығы мен қамқорлығын көріп қана қоймай, тіпті Отанын тапты. Осылайша бірлесіп еңбек етудің арқасында өтпелі кезеңнің қиындықтарына да мойымай, бүгінде әлем таныған елге айналдық. Әсем шаһар – Астана бой көтерді. Мұның барлығы тәуелсіз еліміздің мызғымас іргетасын тұрғызуға берік негіз қалады. Қазақ халқының менталитеті, жомарттығы, ашықтығы, қонақжайлылығы әртүрлі этностық топтардың жоғары деңгейде төзімділік танытуына себеп болды. Тарихи жады – қазақстандық этносаралық төзімділіктің темірқазығы, міне, осында жатыр.
Жалпы, мәдени интеграцияны анықтауда қазақ халқының көпғасырлық мәдениетінің діңгек болуы өте маңызды. Қазақтар ел тұрғындарының басым көпшілігін құрайды және өзінің байырғы жерінде өмір сүріп отыр. Көптеген сын-қатерлерден сүрінбей өткен байырғы халықтың достыққа адалдығының, сөзге беріктігінің нәтижесінде этносаралық тұрақтылық ел дамуының локомотивіне айналған.
Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді..