Патриоттықтың іргетасы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптасады

image.png 

Төлеби ауданының Көксәйек және Тасарық ауылдарында  Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары  аясында кездесу өтті. 

Аталған кездесулер мен фокус-топтық зерттеу жұмыстарына ауыл тұрғындары, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының басшысы Есімхан Айтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов және Тасарық мешітінің имамы Жалалхан Махмұдов қатысты.

2022-2024 жылдарға арналған «Түркістан облысында толерантты сананы қалыптастыру мен әлеуметтік шиеленістің алдын алу» өңірлік тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара жоспарына сәйкес аудан, қалалардағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекендерінде тұрғындармен кездесу өткізу мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлтты сүю түсінігі. Ұлтшылдық және ұлтжандылық», «Діннің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді реттеуде алатын орны», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Патриотизмнің қалыптасуы ¬ бұл адамның күш-жігерін сондай-ақ отбасы мен білім беру мекемелерінен бастап билік органдарына дейінгі әртүрлі әлеуметтік институттардың қажырлы еңбегін қажет ететін күрделі процесс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету» деп жазған болатын.

«Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – бүгінгі қазақ қоғамының ерекше мән беріп отырған мәселелерінің бірі. Ол бірер жылда жүзеге асатын шаруа емес. Бұл бір қарағанда, ұлттық құндылықтар, рухани тәрбие, азаматтық, мәдени-әлеуметтік, саяси, экономикалық көзқарас пен дүниетаным секілді құндылықтармен үндесетін кең ауқымды ұғым. Міне, осының бәрі еліміздегі патриоттық тәрбиенің іргетасы іспетті «Мәңгілік ел» идеясының аясында тоғысуы қажет. Біздің еліміз сияқты әлемдік саяси-экономикалық кеңістікте жаңа қалыптасып келе жатқан ел үшін патриотизм идеясының, отансүйгіштік сана-сезімінің қалыптасуы аса маңызды мемлекеттік деңгейдегі міндет екені даусыз. Сондықтан патриотизм идеясы тек қана жастарды емес, бүкіл қоғам үшін мәні мен мазмұны түсінікті, елдің азаматтарын олардың тілі немесе ұлтына, дініне қарамастан біріктіре алатын, қазіргі заманның прагматизміне сәйкес келетін ұғымдарға негізделуі қажет.

Қазір елімізде осы бағыттағы бірнеше мемлекеттік деңгейдегі шаралар қолға алынып келеді. Солардың барлығы да қоғам мен жастар арасында отансүйгіштік сезімінің қалыптасуы мен тереңдеуіне ықпал ететін шаралар. Әңгіме, әрине, оларды жүйелі түрде, қалың көпшіліктің көкейінен шығатын, елі үшін мақтаныш сезімі туатындайтындай дәрежеде өткізуде екені сөзсіз. Қазіргі әлемдегі саяси, экономикалық тұрақсыздық пен дағдарыс кезеңінде елдегі жағдайдың тыныштығы мен бірлігі отансүйгіштік сезімін нығайтушы фактор екеніне күмән тудырмайды.

Оның үстіне, қазіргідей жемқорлық басым болып тұрған заманда адамдардың патриоттық сана-сезімін қалыптастыру оңай емес. Сондықтан бұл тұрғыда әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оңтайлы шешім табуы маңызды. Қазір елімізде қазақстандық патриотизмді мағыналық жағынан толықтыратын елдегі этносаралық және дінаралық келісім саясаты көпшіліктің қолдауына ие десек, артық айтқандығымыз емес. Этностардың бір мемлекет ішіндегі оқшаулануы мен әлеуметтік, мәдени, құқықтық жағынан шектелуі қашанда ұлтаралық қатынастың дағдарысына әкелері сөзсіз. Сондықтан қоғамдық институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ролі мен мүмкіндігін мейлінше пайдалану қажет.

Ал, патриотизмнің рухани жағына келер болсақ, өз халқыңның тарихын және оның жас ұрпаққа үлгі етер жақтарын білу, халқыңның біртуар ұлдары мен қыздарын мақтаныш ету, олардың ерлігі мен жетістіктерін әлемге паш ету қазіргі әлемдік бәсекелестік жағдайында патриотизмге тәрбиелеудің маңызды элементі екеніне шүбә жоқ. Дегенмен, ақпараттық технологиялардың дамуы өскелең ұрпақтың өзге елдің арзан мәдениеті мен отансүйгіштік сезіміне, ұлттық санасына тосқауыл қоятын идеологиясымен улануына себепші болуда. Осындай жағдайда этномәдени тәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрлерді заманауи құралдар арқылы насихаттау мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек, сонда ғана жастрды отансүйгіштікке тәрбиелей аламыз.

Демек, бүгінгідей цифрландыру заманында қазақстандықтарды патриотизмге тәрбиелеу, қалың көпшіліктің отансүйгіштік санасын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Өкінішке қарай, кейбір жастар отансүйгіштік сезімін өзіне өмір сүруге қолайлы жерге немесе мәдениетке айырбастап жатады. Сол себептен, ұлттық құндылықтардың бірі ретінде отансүйгіштік сезімін балабақшадан бастап тәрбиелеу елдің болашағын тәрбиелеудің негізі болып табылады. Сонда ғана қазақстандық патриотизм ұлттық құндылықтың іргетасына айнала алады.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер