Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық

image.png

«Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, облыстың этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 02-27 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Кездесулер «Ұлтты сүю түсінігі. Ұлтшылдық және ұлтжандылық», «Діннің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді реттеуде алатын орны» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Осы орайда, жоспарға сәйкес, Жетісай ауданы Ж.Ералиев және Жаңа ауыл ауылдық округінде кездесулер өтті. Шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Әбділдаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолг маманы А.Болат, Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Сәрсен, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімінің орынбасары М.Жұрқабаев және аудан тұрғындары қатысты.

Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш ол – күншілдік, іштарлық, араздық. Халқымыз мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған ақсақалдар мен билер ел ішіндегі асқынған дау-дамайды, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына аса көңіл бөлген.

Бүгінгі күнде «көп ұлтты Қа­зақстан – біздің ортақ Ота­ны­мыз» деген сөз жалаңдықтан арылып, жасампаз күшке ие болды. Әлемнің көптеген елдеріндегі ішкі жағдайды көріп те, естіп те жүрміз. Бірақ та тап біздің Қазақстандағыдай ұлттар арасындағы бірлік пен достық институтының толыққанды және тиімді жұмыс істеп тұрғанын кездестірмедік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың асыл ойынан туындаған Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы сынды жобаның жекелей алғандағы бір мемлекеттің тағдырында қан­ша­лықты маңызды рөл атқарып отырғанын әлем халқы енді бағамдай бастады. Шынында да, біздегі бұл іс – үлгі аларлық дүние.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер