Отбасылық құндылықтар-тәрбиенің қайнар көзі

image.png

Түлкібас ауданы Жаскешу мәдениет үйінде «Отбасылық құндылықтар - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында іс-шара өтті. 

Жаскешу мәдениет үйінде ұлттық қол өнерді тамашалап, концкерттік бағдарламамен аяқтады. Аталған іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ Түлкібас аудандық филиалының маманы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы, әжелер кеңесі, ардагерлер кеңесі, этнос жастары қатысты.

Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!

Бүгінде бала тәрбиесіне қатысты ақыл кеңестер ғаламторда жеткілікті. Соның ішінде бірісі дәстүрлі үлгіде, екіншісі заманауи, еуропалық мәдениетке сай баланы тәрбиелеу керек деп ұсынып жатқандары да баршылық, бірақ балалар тәрбиесіне қатысты нақты шешім ешкім айтпады. Ақиқатында, қазіргі ата-ана «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп отбасы тәрбиесіне өзі тәрбие алған секілді балаларына да солай көңіл бөліп отырғаны жасырын емес.

Өткенге көз жүгіртсек атам қазақ ұрпағын жат елдің үлгісінде тәрбиелеу керек деп бас қатырмаған шығар. Қазақ халқы осы уақытқа дейін балаларын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеп келген. Ол «Ұят болады», «Обал болады», «Сауап болады» деген ұғымдар. Бұл үш ұғымның тізбегі халықтың өмірінде, салт-дәстүрінде, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс табады. Бүгін қазақтың бүкіл өмірімен біте қайнасып, қанына сіңіп кеткен осы үш ұғымды заман талабына сай өзгерткісі келетіндер бар. Алайда осы үш ұғымның мақсаты адамды жат әдеттер мен озбыр қылықтарды тыюға, қоршаған ортаны құрметтеуге бағыттайтындығын бірі білсе, бірі біле бермейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер