Жетісайлықтар да қолдайды

image.png

“AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен  кездесуі өтті. 

Кездесуге "AMANAT" партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Қайназаров, " Қоғамдық келісім" КММ-нің Жетісай аудандық филиалының маманы Б.Рысбай, Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Ш.Елов, Жетісай аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Турсунов және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Кездесу барысында АЭС салудың экономикалық тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі және экологиялық қауіпсіздігі жайлы кеңінен талқыланды.

Бірлестік өкілдері атом электр станцияларының заманауи технологияларының қауіпсіздік деңгейі туралы ақпарат алып, АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасын бағалады. Штаб өкілдері атом электр станцияларының көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі рөлі мен олардың энергетикалық тиімділігін ерекше атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер