Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
Осы орайда бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалымен Тастұмсық ауылдық кітапханасы бірлесе М.Лермонтов ат. ЖББМ-де KITAP TIME акциясы бойынша «Кітап және отбасым» атты отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында зияткерлік сайыс іс-шарасы өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-ні Түлкібас аудандық филиалының маманы, Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары , Тастұмсық ауылдық кітапханасы, М.Лермонтов ат.ЖББМ- нің оқушылары, мұғалімдері, этнос жастары қатысты.
Балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған, отбасылық оқуға балалар белсене қатысты.
Қатысушылар баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жөнінде және оқыған қызықты кітаптары жайлы пікірлерін айтты. Балалардың «Отбасы» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, отбасында кімдер тұратынын, отбасы мүшелерінің не істей алатынын айта алуға үйрету.
Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты. Отбасының қоғамдағы рөлін бағаламау қиын. Дәл осында әрбір адамның жеке басының іргетасы, кейінгі барлық ұрпақтың сабақтастығы қаланады. Отбасы – баланың табиғатқа тән әлеуетін ашатын және өмірдегі өз орнын анықтайтын, жақсылыққа, әділеттілікке, шығармашылыққа үйренетін әлеуметтік институт. Қоғамдық құбылыстардың одан әрі қарқынды дамуы әр адамның жеке ерекшеліктеріне және оның шығармашылық процеске қосқан үлесіне тікелей байланысты.
Кітап кейде махаббат, отбасы, ата-ана және бала туралы ең қиын сұрақтарға жауап бере алады. Өйткені, авторлар өз еңбектерінде психологтар мен педагогтардың теорияларына ғана емес, сонымен бірге өздерінің өмірлік және мағыналы тәжірибесіне сүйенді.