Бүгін Сауран аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Құмтүйін" жалпы білім беретін мектебінде «Салауатты сана» жобасы аясында 5 кеселмен күрес жөнінде жоғарғы сынып оқушыларымен жиналыс өтті.
Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманованың баяндауынша, жиынның мақсаты - оқушылардың зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты санасын ояту; бір-біріне деген сыйластық, татулық қарым-қатынастарын арттыру; бос уақытын тиімді пайдаланып, қауіпті әрекеттерден сақтануға шақыру.
Тағылымды басқосуда Қарашық ауылдық округының Аналар кеңесінің мүшесі, зейнеткер ұстаз Мырзахмет Мария, «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сауран аудандық филиалының маманы Абиханова Аида, «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімінің психологы Саодат Раметова, меңгеруші Жексенбаев Олжас 5 кесел яғни нашақорлық, лудомания, ысырапшылдық, құмарпаздық, зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын-алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ассамблея нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз керек. Қоғамдық кеселдерді түбірінен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына қарамай, оған барлығы атсалысуы керек», – деген болатын.
Зиянды әдеттер бүкіл бітімімізді сүйкімсіз қылып көрсетіп қана қоймай, денсаулығымызға да белгілі бір дәрежеде кері әсерін тигізіп жатады.
Зиянды әдеттер - біз ойланбастан автоматты түрде істейтін дағдылар. Мысалы, ұстап отырған қаламсабын тарсылдата беру, тырнағын тістей беру, ернін тістелей беру, саусағын сықырлату, интернетке тәуелділік, теледидарға құмарлық, ониомания (шопоголизм), ойынға бағыныштылық т.б. Темекі, ішімдік,есірткі атаулысына деген бағыныштылық өте зиянды әдеттердің қатарына жатады. Бұндай әдеттерден құтылу үшін ең алдымен бұл әдетті қай кезден бастап жұқтырдыңыз? Пайда болуының себебі неде? Осыған бойлағаныңыз жөн... Ешкім де зиянды әдеттермен бірге тумайды, сондықтан олардан арылу әбден мүмкін екенін естен шығармаңыз. Не нәрсенің де тамырына асқынбай тұрып балта шапқан жөн. Зиянды әдетті кішкентай баланың бойынан көрсеңіз, дереу тоқтатуға асығыңыз.
Нашақорлық – организм қызметінің бұзылуына әкелетін есірткілерге еңсерілмейтін құмарлықпен сипатталатын ауру.
Жастарды есірткіге үйрету ХХІ ғасырдың өзекті және ауыр шешілетін мәселесі болып табылады. Нашақорлық – бұл қорқынышты зат. Миллиондаған әкелер мен аналардың, отбасылық жұптардың қайғы-қасыреті, құлдыраған отбасылар, талап етілмеген таланттар, берілген сезімдер, сынған тағдырлар.
Оқушыларға бұл кеселдердің соңы немен аяқталатыны түсіндіріп, ақпараттар берілді. Олар тәрбие құндылықтарымен қатар өзара сыйластықты нығайтуға шақырды.
Мазмұнды жиында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді пайдалану керектігі айтылды.