Әлемде әлеуметтік желінің дәурені басталғалы да біраз уақыт болды. Қолдану¬шыларының саны да жыл сайын артып келеді. Танымал он шақты әлеуметтік желінің аудиториясы мен оны қолданудың мақсаты әртүрлі. Десек те, ең алдымен олар – ақпарат алаңы. Ал бара-бара бұл желі¬лерді өзіміздің ыңғайымызға бейімдеп алғаны¬мыз рас. Ақпарат көзінен табыс көзіне негіз¬дедік. Соңғы кездері тіпті ақпарат көзі «ұрыс» алаңына айналып бара жатыр. Бібірін, кемсіту, адамның намысына келетін сөздерді айту, жалған ақпарат тарату мұның барлығы киберкеңістікке адамдардың әлі де ақпаратты тұтыну мәдениетінің төмен екендігін білдіреді.
Осы орайда Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін арттыру, интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікке назар аударту , жалған ақпараттың таралуына қарсы заң аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру. Қатысушылар цифрлық ортада жауапкершілік пен мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев модераторлық етті.
Бірлікті бекемдеуге бағытталған жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының мамандары қатысты.
Жиында спикерлер қатарында болған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садуақасова, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі – топ басшысы Ербол Тұрсынбаев, Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек және «Turkistan TV» телеарнасының басқарушы директоры Жанна Жайлаубайқызы мазмұнды баяндама жасап, этносаралық қатынастар туралы халыққа ақпарат берудің басты ерекшелігі және жауапкершілігі жайында сындарлы пікірлерімен, пайдалы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар семинарға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ақпарат және киберқауіпсіздік басқармасының қызметкері Сәкен Әуесбеков, Түркістан облысы Полиция департаментінің басқарма бастығының орынбасары Қуанышбай Жұмаділдаев қатысты.
Кибербуллинг - бұл сандық технологияны қолдану арқылы қорқыту және қудалау болып табылады. Ол әлеуметтік желілерде, хабар алмасу қосымшаларында, ойын платформаларында және ұялы телефондарда болуы мүмкін. Бұл - мақсаты қудаланғандарды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралау болатын және келесілер арқылы орындалатын қайталанатын эпизодтар:
• жалған ақпарат тарату немесе әлеуметтік желілерде біреудің әдепсіз фотосуреттерін орналастыру;
• хабар алмасу платформалары арқылы қудалау хабарламаларын немесе қауіптерді жіберу;
• басқа адамның атынан шығып және оның атынан әдепсіз хабарламалар жіберу.
Шын өмірде қудалау мен кибербуллинг көбіне бір уақытта орындалуы мүмкін. Бірақ интернет-қудалау жазбасы пайдалы болуы мүмкін және қорқытуды тоқтату үшін қажет дәлел бола алатын сандық із қалдырады.
Адам желіде қудалауға ұшырап жүрген кезде, оған барлық жерде, тіпті үйінде қудалауға ұшырап жүрген сияқты көрінеді. Оған өзін ренжітіп жүргендерден жасырынатын жер жоқ секілді көрінеді. Мұндай әрекеттердің ұзақ мерзімді салдарыболуы мүмкін:
Психологиялық - адам мұңайып, қолайсыздық сезінеді, өзіне-өзі ақымақ көрініп, ашулана беретін болады.
Эмоционалды - адам өзінің хоббиінен ұяла бастайды немесе оларға деген қызығушылығын жоғалтады.
Физиологиялық - шаршау (ұйқы проблемалары) немесе іштің ауыруы және бас ауруы секілді қолайсыз жағдайларға ұшырайды.
Басқа адамдардың мазағынан немесе қудалауынан қорқу зардап шегушілерге проблеманы айтуға немесе шешуге кедергі болуы мүмкін. Интернет-қудалаудың ауыр салдары адамның өз-өзіне қол салуына апаруы мүмкін .
Интернеттегі қудалау біздің өміріміздің әртүрлі аспектілеріне әсер ететіні сөзсіз. Алайда, бұл проблемалардың бәрін жеңіп, өзіңе деген сенімді қалпына келтіруге болады.
Егер сізді біреу желіде қудалап жүргендей көрінсе, бірінші кезекте сізге өзіңіз сенетін адамдардан, мысалы, ата-аналарыңыздан, жақын туыстарыңыздан немесе басқа да өзіңіз сенетін ересек адамнан көмек сұраңыз.
Мектепте осы сұрақ бойынша мектеп кеңесшісіне/психологқа, спорт жаттықтырушысына немесе өзіңізге жақын мұғалімге жүгіне аласыз.
Егер сіз осы жайында достарыңызбен сөйлесу ыңғайсыз деп санасаңыз, өз еліңіздің сенім телефонына хабарласып, кәсіби кеңесшімен сөйлесіңіз.
Егер қудалау әлеуметтік желілерде болып жатса қудалаушыны бұғаттап, әлеуметтік желі әкімшілеріне шағым жіберіңіз. Әлеуметтік желілер тиісті болатын компаниялар өз пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Не болып жатқанын растай алу үшін сізге әлеуметтік желілердегі жазбаларды, хат – хабарлар мен скриншоттарын жинау пайдалы болады.
Интернеттегі қудалауды тоқтату үшін оның қай жақтан шығып жатқанын анықтау қажет, ал егер ол мүмкін болмаса, маңызды қадам – шағым беру болады. Бұл сонымен бірге қудалаушыға оның мінез-құлқына жол жоқ екенін көрсетеді.
Егер сіз қауіп жағдайда қалсаңыз, сізге полициямен немесе жедел көмек қызметтерімен байланысу қажет.
Сөз орайы келгенде, әлеуметтік желінің қолданыс аясына тоқталып өтсек, өткен жылдың соңындағы «Datareportal.com» мәлі¬меті бойынша әлеужелінің тұрақты пайдала¬нушылары 4,74 млрд адамға жеткен. 16 жастан 64 жасқа дейінгі әр адам әлеуметтік желіде күніне орта есеппен 2 сағат 28 минут уақытын өткізеді. Желі қолданушыларының басым бөлігі ер адамдардың үлесінде (54%), әйелдер сәйкесінше 46 пайыз. Халықтың 47 пайызы әлеуметтік желіні туыстары, достарымен сөйлесу үшін пайдаланады. Ал 35,4% адам бос уақытын өткізу үшін қолданса, 34,6% өзіне керек білім алып, жаңалық оқиды. Жалпы, адамдардың 28,7%-ы әлеуметтік желі арқылы әлемде не болып жатқанын білуге ұмтылады.
Әлеуметтік желіде аккаунт ашып, атымызбен атап, жеке парақша ретінде қолдана алғанымызбен, ол авторлық жоба, иесі бар, бақыланып отырады. Сондықтан оның халықаралық стандарттарға сай ережесіне бағыну қажет екенін есте ұстаған жөн. «Ақпарат айдынында кемсітуге жол бермей, мәдениеттілікті сақтауымыз керек» - деді ұйымдастырушылар.
Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.