Әскери-патриоттық сайыс өтті

image.png

25 қазан - Республика күніне орай, Сарыағаш ауданында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы өтті. Шара - жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру және Отан алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған сайысқа аудандағы ауылдық округтерден 12 команда қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыста қатысушылар қарумен нысана көздеу, садақ ату, АК-74 қаруын шашып-жинау, белтемірге тартылу және қашықтыққа жүгіру сындарынан өтті.

Нәтижесінде 1-орынға аудандағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары ие болды. Жүлделі 2-орынды Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары алса, 3-орынды Алыбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары жеңіп алды. Шара соңында барша жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер