Ерлік ұмытылмайды

image.png

Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. 

-  Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы. Оның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Мерекелік шараның басты мақсаты - Халық қаһарманының 100 жылдығын атап өту. Батырдың ерлігін, отаншылдық рухын және халық үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі жиынға қатысып отырған жас сарбаздар батыр атамыздың өмір жолымен танысып, көп нәрсе үйреніп қайтарына сенім мол,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Шарада «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер