25-ші қазан Республика күніне орай, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы “Әжелер алқасының” ұйымдастыруымен “Әжелер - ұлттық дәстүрдің өнегесі” атты рухани мәні зор кездесу өтті.
Игі шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, облыстық әжелер алқасының төрайымы Балымхан Байтенова, Түркістан қалалық әжелер алқасының төрайымы Серім айғаным, Кентау қалалық әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабайқызы, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Мамиржан Юлдашев, Кентау қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жаныңдағы аналар кеңесінің мүшелері, ардагерлер, кітапханашылар және мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелердің айтқаны асыл екенін ұғындыру, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Баланы кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйретуге бағытталды.
Әже-отбасының алтын қазығы. Өмірден көргені мен түйгені мол әжелеріміздің тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені әже баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің мәнін біледі. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі, онымен қоса әже шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі «арыңды аяқ асты етпе», «үлкеннің жолын кеспе», «біреуді жамандама», «бөтен адамның ала жібін аттама» деген сияқты адамгершілікке баулитын сездерді қайталап, жақсы-жаманды ажыратуды, үлкен-кішіні танытып, мінез-қүлық, тіл тәрбиесін қальГптастыртып, бала-ға үй шаруасына бейімделуді үйретіп, елгезек, тілалғыш, мейірімді болып өсуіне үлкен үлес қосады. Әжелер батырлар жырын айтып баланы ерлікке баулып қана қоймайды, атабабасының тарихынан хабардар етіп отырған. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт «тәрбиелі бала», «көргенді бала» деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейіріміне бөленіп, тәрбиесін алып өскен бала өжет, рухы биік батыр әрі мейірімді, адал болып өседі. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кележатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зөрделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңцап өскен бала Абай дана Абайға айналды. Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар.
Қазақ - басынан қандай нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына үлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылыкгы қыз тәрбиелеген. Ауылдың бір баласы тәрбиесіздік танытса, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - дейді Мүхтар Әуезов. Ал бұл сөздің өз мәнінде жүзеге асуының түп негізін әжелер өнегесінен алып қарауымыз да заңды секілді. Бұл ұлағатты сөз кез келген адамды, ең алдымен, өз елінің салт дәстүріне деген жанашырлыққа, ұлттың ұлы мұратына деген адалдыққа, Отанға деген шынайы тазалыққа үйретері һәм имани нұрға жетелері хақ. Осыдан-ақ, әжелер мектебі - бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.
Шарада әжелерден құралған топ ұмыт болып бара жатқан түрлі салт-дәстүрлерді насихаттап, қол өнершілердің туындылары арқылы ұлттық құндылықтарымызды көрсетті.