Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этнос жастары арасында "Төле бабамыздың өмір жолы мен шешендік сөздері" тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып өткізілді.
Сайысқа жалпы ауданның этнос өкілдері тығыз шоғырланған 7 мектеп сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға сала білді.
Нәтижесінде;
І орын – М.Х.Дулати ЖББМ,
ІІ орын – Жыланбұзған ЖББМ,
ІІІ орын – Сұлтан-Рабат ЖББМ оқушылары иемденіп, сайысқа қатысушы жеңімпаздар мен барлық қатысқан мектептер арнайы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, іс-шараға оқушыларды дайындаған мектептің жетекші мұғалімдері аудан әкімінің м.у.а С.Дүйсебаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Қазақтың атақты биі Төле бидің даналығы мен ел басқарудағы әділ шешімдері жайлы ел арасында түрлі аңыз-әңгіме мен тарихшылар зерттеуі жетіп артылады. Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүз, оның ішінде дулат – жаныс руынан шыққан атақты би. ол өз заманының өте бай адамына айналып, хан билігімен қатар қойылатын беделге ие болған екен. Төле 1663 ж. Жамбыл облысының Жайсаң деген жерінде туған. Төле би өз заманының өлшемі бойынша шындығында энциклопедиялық білімді, өлкенің әралуан тұрғындарымен бірнеше тілде келіссөздер жүргізудің өнерін игерген білгір маман болды. Ол балалық шағынан көшпелілердің шешендік-поэтикалық өнері мен дәстүрлерін және қазақ халқы ментальдығын сіңіріп өсті. Оның әкесі Әлібектің ділмарлығы, ескіше хат танып, халық аңыздарын жатқа білуі баланың ерте жетіліп, оның ғажайып алғыр ақыл-ойлы болуына, руластары арасындағы кез-келген даулы мәселелерді әділетті шешуіне ықпал етті. Төле би атақты "Жеті жарғыны" жасаушылардың қатарында болған. Сонымен бірге аталған басылымда Төле бидің Түркістан облысындағы қазіргі Төле би ауданында көз жұмып, Өзбекстанның Ташкент жерінде жерленгені хабарланады. Осыдан-ақ дана бидің заң шығарушылық тәжірибесі жоғары болғанын айғақтауға болады. Төле би және оның артынан қалдырған шешендік сөздері – қазақ ауыз әдебиетінің асыл жауһары болып қалатыны анық. Дана бидің ел басқарудағы ұтқыр шешімдері де өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, мол мұра болатыны да сөзсіз.