Жастар қазақ тілінің мәртебесін асырды

image.png

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, құрметтеу, сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеу, өскелең ұрпақ бойына дұрыс тәлім-тәрбие беріп, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу болып табылады.

Аудан аумағынан байқауға жалпы 7 мектеп сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға сала білді. Жарыс нәтижесі бойынша; 

І орын – Ханарық ЖББМ,

ІІ орын – Әль-Фараби ЖББМ,

ІІІ орын – Сұлтан-Рабат ЖББМ оқушылары иемденіп, сайысқа қатысушы жеңімпаздар мен барлық қатысқан мектептер арнайы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан қазақ тілін дамытуға, оның қолданыс аясын кеңейтуге жағдай жасалып жатыр. Қазақ тілін үйреніп жүрген, қызығушылық танытатын азаматтардың саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге ұлт өкілдері де баршылық.

Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Республикада 111 мемлекеттік орталық жұмыс істейді, онда ересек тұрғындарға қазақ тілін тегін оқытады. 2022 жылы Ақмола, Атырау, Жамбыл облыстарында осындай үш жаңа орталық ашылды.

Қазақ тілін өз бетінше үйрену үшін Tilqural.kz, Abai.institute, Tilmedia.kz, Balatili.kz, Soyle.kz, Bala.soyle.kz, Qazonline, Ana tili қосымшалары жұмыс істейді. Бұдан бөлек жыл сайын тіл мәдениетін арттыру мақсатында "Мемлекеттік тіл және БАҚ", "Тіл шебері", "Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы" байқаулары, "Мен қазақша сөйлеймін" акциясы және тағы басқа республикалық конкурстар өткізіліп тұрады.

Билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан тіл саласында проблемалар әлі де жетерлік. Қазақ тілдің қолданысына байланысты даулар мен түсінбеушіліктер ара-тұра туындап жатады.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше көңіл бөледі.

"Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді", - деген еді мемлекет басшысы бір сөзінде.

Сондай-ақ президент мемлекеттік тілді меңгермеген қазақстандықтарға тіл білмегені үшін қысым жасауға болмайтынын да ескертті. Тоқаев қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек деп санайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер