Бүгін "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалында "Татулық бірлік бастауы" тақырыбында аудандық ұйғыр этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел жиыны өтті.
Жиынның басты мақсаты жастар арасындағы татулық, бірлік, ынтымақты тең ұстау, достық қарым - қатынас туралы түсініктерін кеңейту, татулық, бірліктің адами қарым- қатынастағы мәнін ашу, адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында алдағы уақыттарда өтетін іс - шараларға этномәдени бірлестік жастарын тарту туралы сөз қозғалды.
Қазақ халқы - ежелден татулық пен бірлікті жақсы көрген, сүйген халық. Ру мен рудың, ағайын мен туыстың, көрші-қолаң мен жақын-жаранның бір-бірімен тату, сыйлы, бауырмал болғанын қалаған.
Сондықтан рудың, елдің үлкендері мен сыйлы, құрметті адамдары жан-жағына, айналасына ақылы мен кеңесін айтып, ұрпақтарына өсиет қалдырып, елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауға тырысқан. Соның арқасында осынау Атыраудан Алтайға дейінгі атырап даланы аман алып қалды десек болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан - көпұлтты, көп этнос қоныстанған ел. Олар да бірлік пен теңдікте, ынтымақтастық пен ауызбіршілікте өмір сүруде. Еліміз сыртқы елдермен де, шекаралас көршілерімен де келісімде, бітімде болуға тырысады. Аймақта тұрақтылыққа қол жеткізгісі келеді. Ғаламдық тұтастық пен бүкіләлемдік бейбітшілік орнағанын қалайды. Яғни, қазақ халқы атам заманнан бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылған ұлт ретінде әлі күнге дейін сарабдал, мәмілегерлік саясат ұстануды құп санайды.
Өйткені қазақ халқы бірлік пен ынтымақтастықты, татулық пен ауызбіршілікті бәрінен де жоғары қойған, ел болудың алғышарты, мемлекет болудың негізі ретінде қабылдаған.
Халқымыз руға, жүзге бөлінгендіктен, олардың арасындағы татулық, беріктік, бірлік тәрізді түсініктер аса маңызды болған. Қазақ би-шешендері, бай-батырлары саналы ғұмырын халқын бірлікке, татулық пен ынтамақтастыққа шақырумен болды. Халқымыз өзінің ынтымақтастықты барлығынан жоғары қоя білгендігінің арқасында ғана үлкен жеңістерге жеткен, жоңғардың шапқыншылығына төтеп бергенін ұмытпағанымыз жөн. Осындай ірі тарихи оқиғалар, яғни, ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетуі тәрізді халық басынан өткен тарихи мысалдар қазақ халқының жадында үлкен құбылыс болып қалды. Ал бұл өз кезегінде халық танымында «ауызбіршілікке жетсең ғана жауыңды жеңе аласың, бейбіт өмірге қол жеткізе аласың» деген тарихи сана қалыптасып, ұлттың сананың өшпес жадына айналған.
Сондықтан ел арасында "Ынтымақ түбі - береке", "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді", "Ынтымақ түбі - игілік", "Тірлік, тірлік түбі - бірлік", "Ынтымақ істі бітірер", "Ырыс алды - ынтымақ", "Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді" деп өсиет еткен.
Бүгінгі күнде «көп ұлтты Қа¬зақстан – біздің ортақ Ота¬ны¬мыз» деген сөз жалаңдықтан арылып, жасампаз күшке ие болды. Әлемнің көптеген елдеріндегі ішкі жағдайды көріп те, естіп те жүрміз. Бірақ та тап біздің Қазақстандағыдай ұлттар арасындағы бірлік пен достық институтының толыққанды және тиімді жұмыс істеп тұрғанын кездестірмедік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев¬тың асыл ойынан туындаған Қа¬зақ¬стан халқы Ассамблеясы сынды жобаның жекелей алғандағы бір мемлекеттің тағдырында қан¬ша¬лықты маңызды рөл атқарып отырғанын әлем халқы енді бағамдай бастады. Шынында да, біздегі бұл іс – үлгі аларлық дүние.