Батагөй қария - ел қазынасы

image.png

Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге. бата алуға аса мән берген. Шынайы жүректен шыққан бата ғана қабыл болады дейді зерттеушілер. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды. Өйткені әдебиеттанушы Тоқтар Әлібектің айтуынша, қазақ халқы батаға үлкен сеніммен қарайды. Алайда ол батаны жаттап алып айту дұрыс емес дейді.                                                    Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген.

Осы орайда «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Ақсукент ауылы, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Батагөй қария» атты аудандық байқау өткізілді. 

Байқаудың басты мақсаты -  «АМАNAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» партиялық жобаларын насихаттау, елді татулыққа, бірлікке, ырыс-ынтымаққа шақыру, жастарға тәрбие, бата беру дәстүрін дәріптеуге бағытталды. 

Жалпы жарысқа ауданға қарасты 11 ауылдық округтің ақсақалдары қатысты. Олар «Ел бірлігі - Аманаттың мұраты» атты тақырыпта бата беруден  өз өнерлерін ортаға салды.                        Тағылымды іс-шарада  «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Дархан Айдарханов, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Алиев, Сайрам Аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Сарыбеков қатысушыларды арнайы құттықтап, сәттілік тіледі. 

Байқау барысында әділ қазылар алқасы Әлібек Байназар, Сейдуалы Темірбаев, Мурат Есалиев жеңімпаздарды анықтап, қатысушыларды ортаға шақырды. Халық қалаулылары диплом, алғыс хаттар, сый-сияпаттар және ұлттық киімдерді салтанатты түрде табыстады. 

Өз кезегінде, қатысушылар да ұйымдастырушылар мен халық қалаулыларына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Іс-шараға Е.Сарманов атындағы колледждің студенттері, жастар, Партия ардагерлері, зейнеткерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.                     

Шежірелі ақсақалдарымыздың кейінгі ұрпаққа мәнді де мағыналы бата үлгілерін жеткізген сайыс соңы концерттік бағдарламаларға ұласты. 

Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. Жалпы батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Сол арқылы халықты бір нәрседен тыйып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым. Ол тікелей батагөйлердің беделіне қарай халыққа әсер еткен. Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің іске асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын алып, құптамай халыққа бағыт – бағдар беріп, тәрбиелеп отырған дейді зерттеушілер. Тәрбиенің бастауы болған аталардың қасиетті сөзін ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, ақыл елегінен өткізіп, тексерілген өмір тәжірибесінің тарихи санасының даналық қорытындысы. Шынайы шеберлікпен тоқылған бата берудің рәсімі де әртүрлі. Қазақ үйіне келген мейманға мал сойып, бата сұраған. Бата сөзде мейман үй иесінің, отбасының бәле-жаладан аман болуын тілейді. Сонымен қатар бата сөздерде қазақтың тарихи салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері, этикалық–адамгершілік келбеті, жанұя жарастығын сақтауы, ұрпағын тәрбиелеуге негізделген арман-аңсары көрініс тапқан. Ондағы ғибратты сөздер ұрпақты әділетті, салиқалы, көркем мінезді болуға тәрбиелейді. Қарынның қамын емес, халықтың қамын ойлауға шақырады. Сондай-ақ адамның ақыл-ой, таным-пайымын кеңейтуге жол ашады. Батаның ең көп тараған түрлері бала дүниеге келгенде, бесікке салғанда, жол жүргенде, қан майданға аттанғанда, келін түсіргенде, ас қайырғанда, қоныс тойда, ұлыстың ұлы күнінде, ұлкендерге құрмет көрсеткенде айтылады. Соған қарай алғыс айтқанда, игі бастамаларға, мерекеде, сапар-жорыққа, тойда, асқа берілетін бата болып бірнеше түрге бөлінеді. Ал адамшылыққа жатпайтын, жан түршігерлік қылық жасағандарға теріс бата берген. Яғни, бата белгілі бір кезде, белгілі бір адамға қарата айтылған.Қазақ батасын алған адамға бата сыйын жасаған. Яғни, бата берген адамға рахмет айтылып мата немесе мал түрінде сыйлық берген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер