Ордабасы ауданындағы №18колледжде "Біртұтас тәрбие "бағдарламасы аясында "25-қазан Республика күніне" орай 23-04 оқу тобының студенттері топ жетекшісі А.Нұранованың ұйымдастыруымен "Менің елім-Қазақстаным" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Республика күнінің мәні мен маңызын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру ,Тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.Тәрбие сағаты ҚР әнұранымен басталып,студенттеріміз үш биіміздің образдарына еніп,жыр шумақтары айтылып,мың бұралған ару қыздарымыздың биіне ұласты.Тәрбие сағаты колледж маршымен аяқталды.
«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне ерекше сүйіспеншілікті білдіреді. Туған жері мен Отаны бар азамат өз ұлтының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне арқа сүйеп қалыптасады.
Расында да Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны Отан тақырыбына жазылған мектеп оқушыларының осындай алуан шығармалары, өлеңдері мен суреттері арқылы сезінуге болады. Менің Отаным – Қазақстан. Отан дегеніміз — туып өскен жерің. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Отыны бар әрбір қазақ осылай мақтана алады. Мақтанып жүреді.
«Отан» деген сөздің құдіреті қандай керемет! Елден жырақта жүріп Отаның барын сезіну қандай ғанибет десеңізші…
Туған жер атамекенім алтын бесігім. Атамекен деген — туған тіл, ата салт-дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің – бәрі-бәрі. Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас, әрі тағдырлас. Әрбір адамзат баласының туған жері бәрінен де қымбат. Себебі, кіндік кескен жерінде өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып адам болып қалыптасады.