Шардара аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Еліміздің рухын көтерген - спорт саңлақтары” атты қол күрестен әлем чемпиондарымен мотивациялық кездесу өтті. Басқосу “25 қазан - Республика күніне” орай ұйымдастырылды.
Кездесу мақсаты - жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар мен өмірлік мотивация беріп, рухын көтеру, отанын, елін, халқын сүюге шаұыру, еркін пікір алмасу.
Аталмыш басқосуға армрестлингтен әлем чемпиондары Ердәулет Мұхамбетов, Мейрамбек Ерсайын мен Бекжан Қожантай қатысты. Жиынға облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің БАҚ пен қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақтөре Мейіржанұлы модераторлық етті.
Шара барысында спикерлер өздерінің спортта жеткен жетістіктері, кәсіби мансабындағы тәжірибелерімен бөлісіп, тұлғалық дамуға қатысты бірқатар келелі ақыл-кеңестерін берді. Үлкен жетістіктерге жету жолында алға қойған мақсатқа жетуге ерік-жігер беретін сенімділік туралы баяндады. Жастар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңы әуесқой жастар арасындағы қол күрестен сайысқа ұласты. Armrestling ережесіне сәйкес өткен жарысқа 18-34 жас аралығындағы әуесқой жастар қатысты. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаз атанғандар тізімі төмендегідей:
1-орын: Амангелді Нұрлан (Созақ ауданы)
2-орын: Тұрсынбай Эльдар (Сауран ауданы)
3-орын: Талбай Нұрқасым (Созақ ауданы)