Шардара ауданда ел бірлігін нығайту, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық оқушылар үйінің қызметкерлерімен «Діни радикализмнің алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қатысты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Терроризм экстремизмнің соңғы формасы ретінде радикалды негізден туындайды, бірақ оның ескертулері жүзеге аспауы мүмкін болғандықтан, радикалды механизмдерден оны жақтаушылармен жүзеге асырылып қойған, тек қана зорлық әдістерінің түрін таңдау ғана қалады. Жастарды радикализмге, экстремизмге және терроризмге тарту үдерісін зерттеуші мамандар радикализм экстремизмге қарағанда ең алдымен идеяның мазмұнды екінші кезекте оны жүзеге асыру әдістері туралы біртұтас пікір білдіруде. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы - осының дәлелі деп сөзін қорытындылады.
Дін адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және рухани өмірінің негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарау әсте мүмкін емес. Егемен ел атанып, тұғырымызды бекіткен жылдар аясында, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны айрықша. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ. Дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін нығайтуда, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Дәстүрлі дін адам баласын ізгілік пен сабырлыққа ұйытып, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан тыяды, ішімдік, есірткі, зинақорлық, нәпсіқұмарлық секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстауға тәрбиелейді. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі һәм тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор.
Соңғы жылдары Қазақстанның кейбір аймақтарында пайда болған ислам ілімін бұрмалап, дәстүрлі ханафи мазхабының ұстанымдарына қайшы уағыз таратушы экстремистік бағыттағы исламдық ағымдар қызметтерін белсенді іске асырып жүрді. Олар ешқандай тіркелусіз ғибадат орындарын ашып, тыйым салынған немесе Қазақстан мұсылмандар басқармасымен мақұлданбаған діни әдебиеттерді таратумен айналысатын. Жергілкті уәкілетті органдар мен дін саласымен айналысатын орталықтар осындай топтардың заңсыз әрекеттерін құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып әшкерелеп, заңға сай айыппұл төлетіп, қажет жағдайда қызметтеріне толық тыйым салып отырады.
ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы мәліметі бойынша елімізде өткен жылы террористік қызметке қатысы болғаны үшін іздеуде жүрген 31 шетелдік азамат ұсталды және белгіленген тәртіпте басқа мемлекеттерге берілді. Сонымен қатар, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өткізілген «Наёмник» жедел-профилактикалық іс-шаралары нәтижесінде Қазақстанға кіру/Қазақстаннан шығу арналарында терроризмге қатысы бар халықаралық іздеуде жүрген 12 тұлға ұсталды.
3 террористік актіні жасауға ұмтылыстарының бастапқы кезеңінде жолы кесілді. Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.
Бір жылдың көлемінде терроризм және діни экстремизммен байланысты қылмыстары үшін барлығы 140 адам сотталды.
Интернеттің веб-ресурсында 14,5 мыңнан астам террористік контент сілтемелері айқындалды. Оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Елбасымыз бастаған, Президентіміз қолдау білдірген «Жусан» және «Русафа» операциялары нәтижесінде терроризмнің белсенді аймақтарынан отандастарымыз өз тарихи мекендеріне қайтарылды. Десек те, бүгінгі күнге дейін 40 қазақстандық жауынгер мен олардың 65 әйелдері және басқа да отбасы мүшелері шет елдің бірқатар террористік ұйымдарында жүр.
Тарих беттерінде мемлекеттерді жаулап алу және оны басқару формалары уақыт талаптарына сай өзгерістерге ұшырап отырғанын байқауға болады. Қазіргі даму сатысында ақпараттық және коммуникациялық «өркениетті басқару» формалары алдыңғы қатарға шығып, екінші орынға әскери және тікелей саяси басқару формаларын ығыстырды. Осылайша, заңсыз миссионерлік қызметтің жемісінен туындаған діни сенім және жаңадан орнатылған құндылықтар – шекаралары тікелей шектеспеген елдің өміріне саяси немесе әскери күшсіз әсер етуге, араласуға жол ашады.
Жеке адамның рухани тазаруы үшін дін үлкен рөл атқаратынын өркениетті елдер тәжірбиесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге, тәубәға, келісімге шақырады.
Қазақ елі – жүзі жарқын, болашаққа қарай ұмтылған жас тәуелсіз мемлекет. Қазақстан демократиялық, зайырлы құндылықтарды ұстанатын ел және еліміздегі этностар өзінің мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау мен дамытуына барлық жағдайлар жасалған. Дінаралық келісім мен сұхбаттастықты қалыптастыруда халықаралық аренада еліміздің өзіндік орны бөлек. Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында дүниежүзінің өркениетті елдерімен саяси және экономикалық әріптестік орнатты. Елбасымыздың және Президентіміздің жігерлі де, жемісті қызметі жас тәуелсіз елімізді биік ұмтылыстар мен жақсы нәтижелерге жеткізді. Қазақстанның әлем қауымдастығы елдерімен тең құқықты саясат ұстануы – бұл Тәуелсіздік жемісі. Ал, ондағы діни тұрақтылық біздің қоғамымыздың қалыпты дамуының кепілі екендігін ұмытпайық!