Елді сүю бір бақыт...

image.png

Ордабасы аудандық орталық кітапханасы 25 қазан Республика күніне орай оқырмандарды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу мақсатында « Ел мұраты – мәңгілік ел» атты тарихи кеш өтті.

Туған жер – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-апаларым, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, тай-құлындай тебісіп өскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Туған жер, Отан, Қазақстан – неткен керемет, шуақты ұғым! Елімнің әр тасы, әр гүлі, өзен-көлі, тауы мен үшін аса қымбат. Қазақ елі қашанда өзінің ұлан-байтақ жерімен, халқымен, ынтымағымен бүкіл әлемді таң¬ғалдырып келеді. Еліміздің сұлу табиғаты бойға қуат, көңілге шабыт беретіндей қандай тамаша.

Қазақ халқы – әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы – бауырмалдығында, сабырлығында және даналығында. Қазақ – сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен, ел бастаған кө¬семдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Міне, осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге кел¬геніме және тәуелсіз елдің құр¬дасы болғаныма мақтанамын. Еліміздің мәртебелі ел болуы, 30 жылда әлемге танылуы, әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегінің арқа¬сында деп білемін, ерекше ілтипатпен қараймын. Бүгінде Қазақ елінің демократиялық даму жолындағы жетістіктерін дүние жүзі қауымдастығы мойындап, игі істеріне қолдау көрсетуде.

Отанымыз бізді, жастарды өсіріп жеткізді және алдымызға таудай талаптар қойды. Біз Отанымыз үшін қандай жақсылық жасаймыз? Халқымыздың сені¬мін қалай ақтаймыз? Бұл сұраққа жастардың көбі жауап іздері анық деп ойлаймын. Менің ойымша, Отанды сүю – оны қорғай білу. Бұл – әрбір азаматтың міндеті. «Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің» деп халық бекер айтпаған. Жаңа ғасырда өз елін, тілін, Отанын сүйетін, оның болашағына жүрегі сыздап ауыратын жастардың саны көбейеді деп үміттенемін. Өзім де Қазақстанның өркендеуіне үлесімді қосамын. Осы тұста батыр Бауыржан Момышұлы ата¬мыздың ұлағатты сөзі еске түсіп отыр: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабаларымызды, бар тарихымызды ұмыту».

Мемлекет өмірінің идеологиялық өзегінің алтын тіні Мемлекеттік рәміздер екені айтпаса да түсінікті. Биыл еліміздің Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 33 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміз – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі. Ол халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Біздің ұлттық Туымыз бүгінде БҰҰ штаб-пәтерінің төбесінде желбіреп, Әнұранымыз Олимпиадада және басқа да халықаралық жарыстарда шырқалады. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағлымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.

Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке баршамызды бұрынғыдан да біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздеріміз дүниеге келген сәт – ерекше орын алады. Мемлекеттік рәміздер тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы, ізгі сезімдерді адамдардың жан дүниесіне сіңіруге қызмет етеді. Қыран бейнелі көк Туымыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара Елтаңбамыз, Әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін ресми белгіге айналып келеді.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет жастар арасында да жоғары деп есептеймін. Оларға мектеп кезінен Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау үйретіледі. Рәміздердің шығу тарихы, олардың авторы жайлы мағлұматтар беріледі. Өзін елінің шынайы патриотымын деп есептейтін әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерге құрметі жоғары болуы қажет. Рәміздерді құрметтеу – елді құрметтеу.

Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен асқақ. Біз Тәуелсіздік тәбәрігін де, азаттық рухын да, ел дамуының екпінін де, биік меже, асқақ армандарымыздың өлшемін де осы үш киеміз арқылы танимыз. Танытамыз! Көк Туымыз – рухтың байрағы, Елтаңбамыз – елдіктің нышаны, Әнұранымыз – еркіндіктің асқақ үні!

Еліміздегі спортшылар байрақты бәсекелерде көк Туымызды әлем елдерінің алдына жоғары көтеруді мақсат етеді. Талайы халықаралық ірі жарыстарда, әлем, құрлық чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында ел мерейін үстем етіп, мемлекеттік нышанымыздың төрден табылуына себепкер болады. Бұл – біз үшін үлкен

мақтаныш.

Алайда, осы тұста айта кетерлік бір жайт бар. Мәселен, АҚШ-та мемлекеттік туға деген көзқарас ерекше. Оларда тулары киімдеріне, көлігіне, ыдыс-аяқтарына дейін бейнеленген. Фильмдерін қарап отырсаңыз да әйтеуір бір тұстан АҚШ туын көріп қаласыз. Кино да идеологияның бір құралы ғой.

Ал, бізде мүлдем басқа принциптер қалыптасқан. Мемлекеттік туды Тәуелсіздік күнінде ғана көп көреміз. Сосын мемлекеттік мекемелерде ілініп тұрғанын ғана байқаймыз. Яғни күнделікті өмірімізге сіңіспеген. АҚШ пен Қазақстанның менталитеті екі бөлек болғанымен, мемлекеттік мәселеге келгенде принциптері ортақ болуы қажет қой. Түптеп келгенде, Мемлекеттік рәміздер елдіктің, егемендіктің жарқын нышаны болуы керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер