Ынтымақ - бұзылмайтын қорған

image.png

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес Біртілек ауылдық округі этностар тығыз шоғырланған Көлтоған елді мекенінде жергілікті жерлердегі сала мамандары мен бірге Ақсақалдар кеңесінің көшпелі отырысын өткізді. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалы, Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Л.Нұртаев, ауыл ақсақалдары, көше билері сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Жиында мамандар ішкі тұрақтылық, ынтымақ, ел бірлігін нығайту мәселелерін талқылады. 

Қазақ халқы қашан да ынтымақ, бірлік мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Мемлекет құраушы елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасымен, Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды. Өзге де ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. 

Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді дана жұрт. Алаш елі алты құрлыққа алауыздығымен емес, ауызбіршілігімен аты мәлім. Татулық пен ымыра бар жерде, елдің алмайтын асуы жоқ.                                                                                                              ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы Әлихан Бөкейхан ынтымақ турасында: «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!» – деп кесіп айтқан екен. Қазақтың барлық тарихы − бірігу, бірге болу. Үш жүздің баласы жиналып, әскер құрып, соғысқа шыққан кезде, ешбір жау төтеп бере алған жоқ. Бізді бөліп-жарып қана жеңе алған. Осыны есте сақтау керек. Алланың берген, ата-бабамыздың тілегімен келген Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін қазақ өз ішіндегі алауыздықтан құтылу керек. Түбінде ол бізге қауіп төндіруі мүмкін. Біздің ата-бабамыз берген осынау кең-байтақ жерін, мемлекеттілігін қолымыздан шығарып алу − өмір бақи күнә болып саналады. «Төртеу түгел болса, төбедегіні алады. Алтау ала болса, ауыздағыдан айырылады» деген қазақтың сөзі бар», – деген сөзі кешегі мен бүгінгі тарихымызды ұштастырып тұр. Тіпті қазақ жеріне табан тигізген әлем саяхатшылары, ғалымдар, дипломаттар естеліктерінде қазақ халқының қонақжай, сабырлы, ежелден бейбітшілік пен ынтымақ сүйгіш, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған.

 Тәуелсіздікке қол жеткен тұстан бері де бұл қасиеттерден айнымаған халқымыз ел егемендігіне де үлесін қосып келеді. Бүгінде азат ел атанған, өзін әлемге ынтымағы жарасқан ел екендігін мойындата білген.  «Ынтымақ - бұзылмайтын қорған, қосылып еккен ағаш - орман, − дейді ұлы халқымыз. Еліміз үшін тұрақтылық өте маңызды. Толыққанды даму үшін қоғамның тіршілік-қызметінің барлық салаларында тұрақтылық қажет. Осы тұста қоғамдық саяси-ахуалды сақтап тұру өзекті болып табылады

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер