Ұлттардың татулығы берік

image.png

Егеменді елеміздің қол жеткізген стратегиялық жетістіктері мен қалыптасқан берік экономикалық негізі - Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Мемлекет басшысы халықтың басын біріктіріп, бір ой-мақсатқа тоғыстырды. Мемлекетімізде ел дамуы жолында тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық реформалар жүргізіліп келеді. Елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасалды.

Қазақстанның болашағы қашанда халықтар арасындағы татулықпен тікелей байланысты. Мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі маңызды элемент - барлық ұлыстардың мүддесін біріктірген, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету. Осы бағыттағы саяси тұрақтылық пен татулықтың көрінісі көне шаһар, бүгінде жаңа облыстың орталығы Түркістанда қоныстанған 46 этностың өкілдері арасында нық қалыптасқан. Мұндағы этносаралық қарым-қатынас, ұлтаралық шиеленіс мәселелерін алдын алу жұмыстарын жүргізу мен бірлікті бірізділікке салуда қалалық Қоғамдық кеңес, Қазақстан Халықтар Ассамблеясы  жанындағы қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесі және азаматтық қоғам институттары қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлескен түрде түбегейлі үйлестіріп отырады.

Елімізде бүгінде мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын дамытуға да айрықша назар аударылды. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін жергілікті мемлекеттік мекемелер арқылы әлеуметтік тапсырыстар қалыптастырылып, жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Ұлттық тілдерді, мәдениет пен халық әдет-ғұрпын дамытуды ұлтаралық келісімді нығайтуды мүдде тұтқан қаладағы 3 этномәдени орталық («Қалалық өзбек мәдени орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының филиалы», «Ахыска» Түрік мәдени орталығы») пен құрылымдық бағытына қарай 20 қоғамдық бірлестіктер тұрақты жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісіммен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Түркістан қалалық Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» құрылып, ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды мәселелердің алдын алу бағытында, қоғамда қызу талқыланып 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық-насихаттық топтар арқылы тұрғындардың жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарын, бірінші қажеттілік тауарларына бағаны ұстап тұру, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын бақылау бойынша штабтардың қолданған шаралары туралы ақпараттандыру аймақта жағымды бағдар қалыптастырды.

Толық мәнінде ақпараттық саясатты жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен қалалық ішкі саясат бөлімінде тығыз байланыс орнатылған. Баспасөз қызметтерінің бұқаралық медианың өкілдерімен семинар-тренингтер өткізілсе, жергілікті 7 газет, 1-телеарнаға мерзімді мониторинг жүргізіліп отырады. Ақпараттық мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, мейлінше маңызы зор қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық оқиғаларды жария ету жергілікті және облыстық БАҚ-мен мемлекеттік тапсырыс аясында және тақырыптық медиа-жоспарлар аясында жүзеге асырылады.

Түркістан қаласында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жолға қойылған. Мәселен, дін мәселелері жөніндегі 18 адамнан құралған ақпараттық-насихат топтары қаладағы үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихат түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда 170 кездесу ұйымдастырған.

Түркістанда құрылған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының тұрақты жұмыс істейтін өкілдігімен жоспарлы жұмыстар жасалып, облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теолог мамандары мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен діни тұрақтылықтың аясындағы іс-шаралар жандандырылуда.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің жоспарлы және мақсатты жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта қаладағы барлық мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің талапқа сай орналастырылуы қадағаланып отырады. Жалпы қоғамдық-саяси жағдайларда тұрақтылықты нығайту және маңызды құжаттарды түсіндіру, халық пен жергілікті билік арасындағы қатынасты қалыптастыру - қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметінің негізінде осы және өзге де міндеттер жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер