Бүгін Сауран ауданы орталығындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Ішкі тұрақтылық – бірлік пен татулықтың кепілі» атты тақырыпта кездесу болып өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмат Абидинов, аудан прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі Сухрабжан Каххаров, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының төрағалары, ауылдық округтердің әкімдері, әжелер алқасының төрайымы, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кездесуде күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмат Абидинов, аудан прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі Сухрабжан Каххаров, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов тағы да басқа қариялар сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиынның басты нәтижесі – қоғамды демократияландыруды тереңдету, оны топтастыру, азаматтық татулықты, тұрақтылықты, әлеуметтік жаңғыртуды, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі мен қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті одан әрі нығайту керектігі айтылды.