Патриоттық әндер байқауы өтті

image.png

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жігерген ауылдық мәдениет үйінде мәдениет үйі мен Тесіктөбе ауылдық клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 25 қазан «Республика күніне» орай жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру мақсатында "Жаса, жайна -Қазақстан" атты патриоттық ән байқауы өтті. Байқау екі кезең бойынша өткізіліп, қазылар алқаларының қорытындысы бойынша Бас жүлде  Акрам Мөлдір , 1 орын Құлымбет Жасұлан, 2 орын Акрам Сүндетқали мен Дәулет Айғаным өзара бөлісті, 3 орын Еркін Бекзат ,Ертай Бексұлтан,Ертай Нұрасыл иеленді. 

Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін Тасболат Жасұлан мен ұстаздарға «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар табысталды.

Кез келген мемлекетке қойылар басты талап – жоғары мемлекеттiк Заңының, Конституциясының болуы. Себебi, осы арқылы ең алдымен, елдiң тәуелсiздiгi танылады. Бұл – бiздiң Отанымыздың әрбiр азаматының белсендi өмiрлiк ұстанымын қалыптастыруға арналған маңызды шарт.

Қазақстандық патриотизм – бұл мемлекеттiлiктi, отансүйгiштiктi ұғыну. Ол – адамның туып-өскен жерiне деген құштарлығы, ана тiлiне деген құрметi, Отанының мүдделерiн қорғауы, азаматтық сезiмдерiн бiлдiруi және Отанға деген адалдығын сақтауы, оның әлеуметтiк және мәдени жетiстiктерiн мақтан тұтуы, бостандығы мен тәуелсiздiгiн жырлауы, Отанының өткен тарихына және одан мирас болған дәстүрiне деген адалдығы, өзiнiң еңбегi мен күш-жiгерiн, қабiлетiн Отанының гүлденуiне арнауы.

Айта кетейік, Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.

1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.

5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 25 қазан – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні, деп жарияланды.

2009 жылдың 22 сәуірінен бастап Республика күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен аталып өтпейтін болды. 13 жылдан кейін, яғни, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер