Патриоттық - қанмен даритын қасиет

image.png

Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты Т.Тоқтаров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.10.2024 жылы 25-қазан Республика күніне орай 

3 -сынып жетекшісі Қалхожа Азиза "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды Қазақстандық патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын , тілін , дінін , әдет -ғұрпын , салт- дәстүрін қастерлеуге , өз еліне үлес қосатын азамат болуға тәрбиелеу.

Тарихқа зер салсақ, ұлттық рух, ұлттық сана деген ұғымдар әріден бері қолданыста. Ата - бабамыз қасық қаны қалғанша туған жерін жаудан қорғап, кең байтақ жерді ұрпағына мирас етті. Ұлтын сүйген ардақтылар елінің көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін оқуға шақырып, бозторғайдай шырылдап өтті... Мұның барлығы да елге деген жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің айқын көрінісі деп ұғамыз. Халық сөзінде – Тәрбие – тал бесіктен дейді... Бесік - қасиетті, киені дарытатын мектеп басы. «Отан – отбасынан басталады», «Отанды сүю – иманнан» - деген сықылды қастерлі ұғым - сөздер, бала күнімізден құлағымызға әбден сіңіп қалды десек артық айтқандық емес. Отанның басты нышандарын біліп, оны құрмет тұтуға үйреніп өстік. Әр елдің Рәміздері – оның үстем айбыны, асқақ рухы, ерен елдігі, төр таңбасы болып табылады. Рәміздерсіз – ел жетім.         

Қазіргі қоғам дамуы тұлғаның жаңа әлеуметтік типін қалыптастыруды талап етеді. Біздің қоғам өзіне сенімді, жарқын тұлғалы, өзіне тән белсенді азаматтық ұстанымы бар, саналы шешім қабылдай алатын және өз ісіне жауапкершілікпен қарай алатын іскер адамдарды қажет етеді. Мұғалімдердің, философтардың, психологтардың, саясаткерлердің жіті назарындағы азаматтық-патриоттық тәрбие – білім беру жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі, объектісі. Қазіргі жағдайда заң мен қоғамды құрметтейтін, Отанын сүйетін, іскер, жасампаз, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу үшін патриоттық білім мен тәрбиені тиімді ұйымдастыру міндеті тұрғаны кездейсоқ емес. Бұл кез келген адамның жеке басымен қатар, мемлекетке де, қоғамға да өзекті болып танылады. Азаматтық-патриоттық мәселелерді шешу бірқатар іс-шаралар жүргізу арқылы жүзеге асады. Дегенмен патриотизмді мемлекеттік идеологияның бір бөлігіне айналдыруға қанша тырысқанымызбен, нақты нәтиже әлі де күтілетін деңгейге сәйкес келмей жатқан кездерге де куә болып жатамыз. Жастарды, нақтылап айтсақ, патриот жастарды тәрбиелеуде маңызды саналатын – ең алдымен орын оқу орындары, оның ішінде мектеп. Азаматтық-патриоттық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру білім беруден басталған кезде тамыры терең болады. Азаматтықпатриоттық тәрбиенің табысты болуы – тікелей біртұтас білім беру жүйесіне, мұғалімдерге байланысты. Мазмұнды жаңарту шарттарының бірі – оқушыларды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру. Патриоттық тәрбие беру барлық пәндерге қатысты. Оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін түрлі жаңа әдістемелік технологияларды пайдалана отырып, сабақ өткізу арқылы тәрбиені еселей түсуге болады. Бұл өз кезегінде оқушылардың орынсыз мінез-құлық танытпауына, әр тапсырмаға мұқият және жауапкершілікпен қарауға, мұқият ойлануға, бағдарламалық материалдарды оңай және тез меңгеруге, сабақта жалықпауына, зейіндерінің шоғырлануына көмектеседі. Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның әл-ауқаты қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланысты екенін сезіну және мемлекеттің нығаюы жеке тұлғаның нығаюы екенін мойындау қарым-қатынастарын білдіреді. Осыған байланысты оқытудың үш негізгі міндетіне танымдық, тәрбиелік, дамытушылыққа жету үшін оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету жатады. Сондықтан баланың шығармашылық қабілетін дамыту, ізденушілік, білімдерін практикада пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс істелгені дұрыс. Балаларға патриоттық, ата-анаға деген сүйіспеншілік, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбына өз пікірлерін, қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқу керектігі жөнінде нұсқау беріліп отырады. Өйткені, ғаламтор бетінде ақпараттың көптігі сондай, оқушы түгілі, ересек адамдардың өзі неден бастап, нені таңдау керектігінен шатасады. Расында, ұлтына деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, қамқорлықты да, адалдықты да, мәдениетті де күтуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда патриоттық тәрбие тәрбиенің негізгі бағыттарының бастауы десек қателеспейміз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер