Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жаңабазар ауылдық мәдениет үйінде мәдениет үйі мен ауыл әкімшілігі аппараты қызметкерлерінің бастамасымен Қазақстан Республикасының 25 қазан "Республика күніне" арналған "Менің елім-Қазақстан " атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік шара бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан екенін жас ұрпаққа ұғындыру, отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты мол жастарды тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Іс-шараны ауыл әкімі А.Акжолов ашып беріп, мерекемен құттықтап өтті.Әжелер ұжымының төрайымы Дөненбаева Ұлжалғас, мәдениет үйі директоры Б.Тұяқбаев көрермен қауымды мерекемен құттықтап атаулы күн жайлы пікірлерімен бөлісті. Сөз соңы «Сырғалым» әжелер ұжымының хорымен бастау алып, мәдениет үйіндегі үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Қазақ жастарының әдет-ғұрыпқа, ұлттық мәдениетке, Отанға деген сүйіспеншілігі жаңғырып келеді. Мұның айқын көрінісі – қыздар арасында қазақы тақия¬ның қайта трендке айналуы. Жал¬пы, қазақ жастарының киім кию үлгілері этностық стильде болып, белгілі бір ұлттық атрибуттарды қолдануы – ұлттық мәдениетке деген құрмет. Патриоттық¬тың негізі адамның адамгершілік деңгейінде өз мә¬дениетіне, тарихына, Отанына де¬ген сүйіспеншілігінен басталады. Сон¬дай-ақ патриотизмнің бір компоненті ретінде тілді алатын болсақ, қазіргі жас¬тардың көбі қазақ тілінде сөйлейді.
Патриотизмді қалыптастыру – бұл адамның күш-жігерінен, отбасы, оқу орнынан бастап, саяси билік органдары¬на дейінгі әртүрлі әлеуметтік институттардың қажырлы жұмысын талап ететін күрделі процесс. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Сондықтан патриоттық сезімді қалыптастыру үшін, ең алдымен, ана тіліміздің қолдану аясымен қатар мектеп кезінен балаларды ішкі туризммен де таныстыру керек. Егер оқушылар сабақ барысында оқыған тарихи жерлерін көздерімен көрсе, басқа да өзі сияқты оқушылармен танысса, өзара пікір алмасу арқылы еліміз туралы көбірек білер еді. Бұл білімге баулиды әрі елге деген сүйіспеншілікті оятады. Одан қала берді туризм де дамиды.
Еліміздің жастары, ең бастысы, Отанды сүю білім, ғылыммен сусындап, қажырлы еңбек арқылы іспен дәлелдеу керектігін түсі¬неді. Ел мүддесі үшін еңбек кешеден, ертеңнен емес, бүгіннен басталатынын сана¬ларына сіңірген. Жастар өз буын-дарының Отанын сүйетін, оның дамуы үшін теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесін қосатынына кәміл сенеді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға сеніп қана қоймай, үміт те артады: «Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы.