Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қақпақ ауылдық мәдениет үйінде 25 қазан «Республика күні» мерекесіне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиында ҚР Әнұраны орындалып, ауыл әкімі Орынбай Абай Жорабекұлы ашып беріп мерекемен құттықтап өтті. Ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Алимов Әбдуәлі Бәкірұлы мен ауылдық әжелер алқасының төрайымы Сәренбаева Ұлбосын Әйметқызы және Қақпақ ауылдық ,, АМАНАТ " бастауыш партиясының төрағасы Сәрсенбаеа Мәлік Қалтайұлы мерекемен құттықтап, ,,АМАНАТ" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е.Исақұловтың ,, Алғыс хатымен" қоғамда көп жылдардан бері жұмыс жасап келе жатқан партия мүшелерін, ауыл тұрғындарын марапаттады. Салтанатты жиын соңы «Әз әжелер" тобы мен көркемөнерпаздар ұжымының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Қазақстанда мекен ететін әрбір адам өзін патриотпын деп санауы керек. Олай дейтін себебім, біз Тәуелсіз елдің тұрғынымыз. Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Біздің арыстарымыз, тәуелсіз ел болуымыз үшін қаншама күресті. Қиын уақыттарда елі үшін жанын берді. Болашақ ұрпақ олардың еңбегін мәңгі ұмытпаса деймін. Олар елін сүйген азаматтар. Қазір біз Тәуелсіз елміз. Өз шекарамыз, туымыз бен елтаңбамыз бар. Бейбіт күннің астында тыныштықта өмір сүріп жатырмыз. Патриот адам деген ешқашан мен патриотпын деп жарияға жар салмайды. Өйткені патриоттық сезім бәріміздің бойымызда бар. Тек осы ұғымды үнемі насихаттап, тәй-тәй басқан баладан, еңкейген қарияға дейін насихаттауымыз керек.
Патриоттық сезім көзге көрінбейтін, әр адамның өне бойында сайрап тұратын керемет құбылыс. Бұл сезім біздің жүрегімізде. Әр адам өз туған елін, жерін, Отанын өздігінше сүйеді. Байқағаным жырақ кетсек елімізді аңсап, топырағымызға аунағымыз кеп тұрады. Осының барлығы көзге көрінбейтін, бірақ тұла бойымызбен сезінетін сезім. Менің ойымша патриот емес адам мүлдем жоқ. Өйткені біздің еліміз биік белестен көрінсе, әсіресе спортшыларымыз жеңіс тұғырында көк туымызды желбіреткенде, қуанамыз ба? Қуанамыз. Ән ұранымыз шырқалғанда, оң қолымызды кеудемемізге қойып рухтанамыз ба? Рухтанамыз. Елімізге қатер төніп тұр десе алаңдаймыз ба? Алаңдаймыз. Осылай кете береді. Міне, осы сезімнің барлығы біздің патриот екеніміздің белгісі. Сондықтан елім деп соғатын әрбір жүректің иесі өзін патриотпын деп еш күмәнсіз айта алады.