Ынтымағы жарасқан Қарнақ!

image.png

Қарт Қаратаудың етегінде жатқан кеншілер қаласы атанған Кентау шаһары бүгінде экономикасы өсіп-өркендеген аймақ қана емес бірнеше ұл өкілдері қоныстаған, бүгінде ынтымағы мен бірлігі жарасқан өлкенің бірі. Шаһарда әсіресе өзбек этнос өкілдері көп қоныстанған. Олар бүгінде өздерінің салт-дәстүрін, тілін, ділін берік ұстанады. Сондай-ақ басым көпшілігі қазақ тіліні жетік меңгерген және еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Осындай елге сыйлы, ауыл-аймаққа танымал жанның бірі Қарнақ ауылының тұрғыны Бекзат Хабибов. Ел ішіндегі ынтымақты, бірлікті насихаттап, жүрген жерінде татулықты ту етіп жүрген азамат Қарнақ ауылы өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы. Сондай-ақ халық қалаулысы. 

«Өзбек ұлты мен  қазақ халқының салт-дәстүрлері бір-біріне ұқсас келеді, айырмасы аз. Сол себепті мен отбасымызда болсын, басқа жерде болсын қазақтың әдет-ғұрып, дәстүрін үйрену керектігін айтып жүремін.  Отбасылымын үш бала-шағам бар. Үлкен қызым заңгер мамандығы бойынша жұмыс істейді. Екінші ұлым 11 сыныпта оқиды, кенжетайым 6 сыныптың оқушысы. Екінші балам қазақтың қара домбырасында шебер ойнайды»,- дейді ол.

Қазақтың қара домбырасының үніне  ә дегеннен ынтық болған кейіпкеріміздің ұлы   Бехрузбек  Давронов  мекбетінің, ауылының мақтанышы.  «Ауылымздағы Мағжан Жұмабаев атындағы мектепке оқимын. Домбыра үйрәмесіне қатысамын. Әзірге жеті күй білемін. «Көңіл толқыны», «Ерке сылқым», «Балбырауын», «Адай», «Көк ту», «Алаш аманаты», «Ер тұран» деген күйлер. Домбыраға қызығушылым әкем үйге домбыраны алып келгенде басталды. Үйде ілулі тұрған домбыраға қарап соны үйренгім келді, тартқым келді. Басында қиын болды. Сосын қолым үйрендім, күйлер жүре берді. Домбыраның түрі де, дауысы да ұнайды. Бірде сыныптастарымызбен  тауға барлық. Сонда жанымда домбыра тұрды. Достарым кәне, тартшы дегенде қос ішектен күмбірлетіп күй тартып бергенде олар қатты қуанды. Мұғалімдер де, достарым сонда менің домбыра тартқанымды бірінші  рет көрді. Оған дейін домбыра шертетінімді білмеген екен. Солай барлығын таңқалдырғаным бар. Жалпы домбыраны 3 айда үйреніп кеттім»-, дейді Бехрузбек. 

  Хабиовтар отбасы қазақ тілін мәртебе көреді. Әулеттің үлкен қызының бұл салада жеткен жетістіктері де аз емес. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Мұны жастарға әрқашан айтып жүремін. Қызым Нафосатхан қазақ тілі бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері»,- деген Бекзат Хабибов, еңбектің арқасында жеткен жетістіктерін айтты. 

«Тарихи Қарнақ ауылының тумасымын. 1976 жылы дүниеге келдім. Жеке кәсіпкермін. Қарнақ ауылындағы ауылшаруашылығын дамыту мақсатында мал бордақылау алаңын аштық. Мейрамханамыз бар. Бүгінгі таңда 50-ге тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Әрине мұның барлығы еңбектің арқасында болды. Мемлекет басшысы айтқандай  қоғамдағы ең құрметті адам ол еңбек адамы. Халыққа сенім білдіріп, халық та маған сенім білдіріп бірауыздан қолдап Кентау қаласы мәслихатының депутаты етіп сайлады. «Аманат» партиясының түрлі жобалары бар. Сол жол картасы бойынша сайлау алды бағдарламаларымызды орындау мақсатында халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрміз.  Ауылымызда орталық мешіт бар. Мешіттің құрылысына ауыл тұрғындары, жастар, ақсақалдар бірлесіп әсем  мешітті салдық. Мешітте бір мезгілде 3 мыңға жуық адам намазға жығыла алады. Әрине мешітті ауылдың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігінің символы деп қабылдасақ та болады»,- дейді ол.

Қарнақ ауылының тұрғыны  Хурсанд Халилиов ауыл тұрғындарының бірлігі бекем, қиын-қыстау заманда әрдайым көмекке келетін жандар екенін айтады. 

«Қазақстанның біраз өңірлерін су басып апатты жағдай болған кезде  біздің ауылдың тұрғындары қол ұшын созып, бірлік, ынтымақтығының арқасында  өздері ұсыныспен шығып «біз штаб ашайық» деп  5 миллионнан астам көмек көрсеттік. Оның алдында Мақтарал, Арыстағы оқыс оқиға кезінде де , Түркиядағы жер сілкінісі кезінде де біздің халық қолынан келгенше көмегін көрсетіп отырды. Мұның барлығы біздің халықтың ауызбіршілігінің арқасында деп білемін.  «Ихсан» деген қайырымдылық қорымыз бар. Көмекке мұқтаж жандарға көмек береміз.  Бірінші бізге сенген , қолдаған Бекзат мырза  болатын. «Мектепке жол» акциясы бойынша да  оқушыларға көмек береміз, отаға мұқтаж жандарға қаражат жағынан жәрдем береміз»,- дейді ол.

Міне, ынтымағы жарасқан Қарнақ ауылының тұрғындары осындай.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер