Сауран ауданында ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптейтін «Ауылым - алтын бесігім» атты сайыстың қорытындысымен гала концерт ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысты.
«Бүгін өздеріңізбен мәдениетіміздің мерейін асырып, даңқын асқақтатар кезекті шарада бас қосып отырмыз. Осы мәдени шара арқылы өңірімізде салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жұмыстары кеңінен атқарылды. «Ел іші - өнер кеніші» демекші, ауыл-аймақтағы таланттар көпке танылады. Сондай-ақ, ел арасында сақталып қалған дәстүрлерді жаңғыртып, өнерпаздарымыздың өнерін таныта алды деп айта аламыз» - деп атап өтті аудан басшысы.
Қазақ халқының ұлттық және рухани құдылықтар турасындағы танымы мен сенімі ерекше. Ұлттық құндылықтарды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ал, дінді адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға үлгі-өнеге беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани күш ретінде бағалаған.
Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие. Ол экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлеммен қарым-қатынас кезінде көрініс табады.
Ал, рухани адамгершік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым.
Халқымызда «Жиғаныңа сенбе, иманыңа сен», «Иманды адам – арлы адам, Имансыз адам – сорлы адам», «Имандылық – қастерлі қасиет» деген тұрақты сөз тіркестері мен мәтелдері жетерлік. Жан тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы көріністегі емес, жүректегі иманды қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызды дәріптеп, кеңінен насихаттау арқылы біз жат діни ағымдарға тосқауыл қойып, жастарға бағыт бере аламыз.
Жиын барысында өңірдегі еңбек адамдары аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, «Ауылым - алтын бесігім» атты аудандық сайыс жеңімпаздарына жүлделер табысталды. Мерекелік концертте эстрада жұлдыздары өнер көрсетті..