Белсенді жастарға барынша қолдау көрсетіледі


 67590443_875182686200139_6642338855099826176_n.jpg

Отырар ауданында аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігі хабарлады.

 Жиынға ауданның кеңес мүшелері, мекеме және бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. 
Аудан басшысы ашып жүргізген жиынның күн тәртібіне сай алдымен аудандық ішкі істер бө
лімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы Медет Бөрібеков сөз алып, аудандағы жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылық бойынша 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы баяндап өтті. Мұнан соң ана мен бала өлімінің және жастар арасында суицит пен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы сөз етсе, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Мұхит Амангелді ауданда жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуы бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді. 
Кеңес отырысы барысында кеңес мүшелері жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылық және суициттің алдын алу, жастарды жұмыспен қамту бойынша ұсыныс-пікірлерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Сапар Козейбаев жастардың рухын көтеріп, олардың отанға деген патриоттық сезімін ояту арқылы бойындағы шеберлік қабілеттерін анықтап, туристік сервистерге қажетті Отырар ауданының бренді болатын қолөнер туындыларын жасауға, еңбектенуге тәрбиелеу мақсатында аудан әкімінің қолдауымен жастар орталығымен бірге жұмыс жасауға дайын екендігін айтып, ұсынысын жеткізді. 
Аудан басшысы жиын барысында көтерілген мәселелердің қай-қайсысы болмасын күрделі мәселе екенін атап өтіп, әрбір істі аса жауапкершілікпен, шын жанашырлықпен жүзеге асырып, жан-жақты зерттеп барып тиісті шараларды қабылдау керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді. 
Сөз барысында: "Еліміздің болашағы жастарымызға Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев үлкен сенім артып, биылғы жылды Жастар жылы деп жарияласа, қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жастар қоғамның қозғаушы күші екенін және елімізде жастарды қолдау шаралары жалғасын таба беретінін айтып, Үкіметке тиісті тапсырмалар берген болатын. Әрине, төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға тиіспіз. Сондықтан әрдайым айтар ойы бар, белсенді аудан жастарына барынша қолдау көрсету үшін тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Сол үшін ел жастарын еңбекте белсенді, оқуда озат, ортада көшбасшы болуға талпынуға шақырамын"- деді аудан әкімі.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер