Теріскейде «Жасыл елге» 59 жас қатысатын болады

Jasyl-e3l.jpg

Созақ ауданында  «Жасыл ел» көркейту көгалдандыру мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары немесе арнаулы оқу орындарының студенттері жазғы демалыста бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  ауданның көркейту көгалдандыру жұмыстарына 59 жас қатысатын болады. Бұл туралы аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» мәлім етті.  

Ауданда былтыр 89 жас  «Серпін-2050» бағдарламасы аясында оқуға түссе, 2017 жылы осы бағдарламамен 55 жас білім алу үшін Солтүстіктің, Шығыстың жоғары оқу орындарына аттанған болатын.       Былтыр  ауданға 25 жас «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа келді. Оның ішінде 22 жас 19-29 жас аралығында. Олардың барлығы  бір жолғы көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етіліп, 10 жас тұрғын үй сатып алуға несие алған.  «Жастар жылына» байланысты биыл ауданда бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 14274-ті  құрап отыр. Бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер