Кәсіпкерлермен кездесу еркін форматта өтті

69656583_464631797423607_8353550849137442816_o.jpg

-Біз жаттанды баяндаманы оқып, есеп үшін қыдырып келген жоқпыз. Біздер осындағы кәсіпкерлердің кездесетін кедергілерін шешіп, ол кісілерге көмек беру үшін, қаржылық, заңдық көмектер беру үшін келдік. Сіздердің кәсіпкерлікпен айналысқандарыңыз бірінші кезекте отбасылық тұрмыстарыңыздың жақсаруына, екіншіден еліміздің экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Сондықтан да, біз сіздерге кез-келген уақытта көмек беруге дайынбыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев  жуырда Мақтарал ауданындағы кәсіпкерлермен өткен кездесуде. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге облыстық басқармалар мен қаржы ұйымдарының басшылары, аудан әкімі Бақыт Асанов пен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары қатысты. Негізгі мақсаты - кәсіпкерлік саласын дамыту, берілетін несие түрлері мен пайыздық үстемелері жайында кеңінен мағлұмат беру, кәсіпкерлік субъектілерінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын бірігіп талқылау болып табылатын жиын еркін форматта өтті.

Мақтааралдық кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық кәсіпкерлік және инвестиция тарту басқармасының және облыстық қаржы институттарының басшысылары жауап берді.

Жиын барысында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Пердебайқызы ауданда тері өндіру ісін қолға алу жайындағы ұсынысын айтып, берілетін несиелердің соммасын көбейту, қаржы мекемелері тарапынан шаруалар кепілге қойған жылжымайтын мүліктердің тым төмен бағалануын реттеу жайындағы өтінішін жеткізді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер