Жаңа ғимаратта 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады

   

 69786689_2327848570878318_2998641051037597696_o.jpg

Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарып оңды нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл жұмыстарға қол жеткізудің негізгі бір себептері аграрлық салаға беріліп жатқан несие қолдаулар және мемлекеттік қолдаулардың нәтижесі. Соның бірден - бір айғағы "Яссы несие» серіктестігінің ашылуына 15 жыл толып, жаңа заманауи ғимаратпен қамтамасыз етіліп отыр. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадрақов пен Кентау қаласының әкімі Махажанов Дәурен Сәбитұлы қатысып, корпорацияның жергілікті шаруаларға тигізіп жатқан көмегінің зор екендігін атап өтті. Бұл туралы Кентау қаласының әкімдігі хабарлады.
«Яссы несие» серіктестігінің Қарнақ ауылында 1400 мүшесі бар.
Ғимараттың құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, бүгінде ашылу салтанаты өтті. Аграрлы несие корпорациясының ішіндегі «Яссы несие» серіктестігі ауылшаруашылық саласындағы шаруаларға жұмысын кеңейтуге, не жаңадан бастауға несие береді. Жаңа ғимарат үлкен қалалардың өзінде кездесе бермейтін жаңа заманауи үлгіде салынған. Алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтып, Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдардың тұрғындарына шаруаларына қолдаулар жасамақ ниетте. Қазіргі таңның өзінде ауылда «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асып, 10-ға жуық шаруақожалығы өз жұмысын жүргізуде. Бұл бағдарламаның ерекшелігі тұқымы басқа мал әкеліп, оның басын көбейтуге 14 пайызбен несие берсе, соның 4 пайызын шаруақожалығы төлесе, 10 пайызын мемлекет тарапынан көмек ретінде субсидияланады. Жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына 40-қа жуық адам тартылған. Аталмыш ғимаратта «Яссы несие» серіктестігі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және балаларға арналған оқу орталығы жұмыс атқаратын болады. Оның ішінде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деген жоспарлары бар.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер