Кондоминиум құру күн талабы


WhatsApp Image 2019-09-13 at 16.46.31.jpeg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара қаласына жасаған сапары барысында  көпқабатты үйлерде кондоминиум құру жөнінде тапсырма берді. 

Аталған ауданға жасаған сапары барысында Ө.Шөкеев  «Тұрғын үй қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Өз кезегінде жергілікті халық атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын айтып, ризашылықтарын білдірді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім барған 1970 жылы салынған төрт қабатты үйде 40 пәтер бар. Қазіргі таңда 180 тұрғыны бар баспананың күрделі жөндеу жұмыстарын бас мердігері «Монолит Строй XXI» компаниясы жүргізуде. Жобалық құны – 24 756 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары үш ай көлемінде аяқталуы тиіс. Бұл ретте Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындарына ендігі кезекте мемлекеттік кондоминиумдық нысанын тіркеп, құрылыс компанияларымен келісімшартқа отыру керектігін атап өтті. Аталған үйлердің сыртқы келбетін де әрлеуге кірісу керектігін ескертті. Сапар соңында облыс әкімі аудан орталығындағы индустриялық аймақта орналасқан «Ай-қажы Ақ-Алтын» ЖШС-і мақта өңдеу зауытының жұмысымен де танысты. 2018 жылы ашылған серіктестік жеке инвестициямен қаржыландырылады. Қаржылық салым құны 896,0 млн. теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 20 мың тонна мақта шикізатын өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда зауытта 125 адам еңбек етіп, олардың орташа айлық жалақылары 70 мың теңгені құрайды. Болашақта кәсіпорынды кеңейту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, мақтаны терең өңдеу жұмыстары қолға алынбақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер