Тамшылатып суару тиімді

13.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жуырда «ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданына барған сапары барысында шаруашылықтарды аралады. Сапар барысында ауыл шаруашылығына енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың тиімділігі туралы сөз болды. 

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өмірзақ Естайұлы ең алдымен ауданындағы «Отан Ана» шаруа қожалығының дала жұмыстарымен танысты. Мұндағы диқандар жоңышқа, дәнді жүгері, қарбыз және басқа да көкөністерді егумен айналысады. Достық ауылында орналасқан шаруа қожалығы 73,9 гектар алқапта орналасқан. Шаруалар соңғы жылдары кеңінен қолданатын тамшылап суару әдісінің тиімділігін көруде.

Соның арқасында, табыс көлемінің де артып отырғанын айтады. Алдағы уақытта, шаруалар жылына 3 рет өнім жинауды жоспарлауда. "Табыстың ұлғайғаны жақсы. Бірақ көлемін арттырып алғанға дейін сақтайтын жерді де ойластырған жөн. Қойма санын көбейту керек", деді Өмірзақ Естайұлы шаруа қожалықтарының иелеріне. Биылғы жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша, жалпы Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 8028 млн. теңгені құраған. Облыс басшысы Мақтаарал ауданын дамыту мақсатында іске асырылып жатқан жобалардың жүзеге асырылуын да тексерді. Ауданды көріктендіру мен абаттандыру жұмыстары да басты назарда. Мырзакент кентіндегі орталық саябақта, Даңқ гүлзарында қайта жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Орталық "Мәдениет үйі" күрделі жөндеуден өтуде. Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстары барысында канализация мен газ құбырын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін аймақ басшысы шитті мақтаны тасымалдауға арналған «2ПТСХ-10-45» модельді трактор тіркемесінің өндірісінде болды. Өндіріс орны автотұрақ, әкімшілік ғимараты, таразы және қойма, техникалық қызмет көрсету орталығы мен қосалқы бөлшектер қоймасымен жабдықталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер